28 қараша 2019 6423

Сәтбаев университетінде Электротехника олимпиадасы өтті

Сәтбаев университетінде Электротехника олимпиадасы өтті

Жастар жылына орай Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институтының «Электротехника, телекоммуникациялар мен ғарыштық технологиялар» кафедрасы университеттің студенттері арасында «Электротехника», «Электротехниканың теориялық негіздері» пәндері бойынша олимпиада өткізді.

Олимпиаданы кафедра меңгерушісі Е. Таштай, ассистент-профессор А.А. Абдықадыров, лектор А.Е. Құттыбаева, сениор-лектор Н.К. Смайлов, ассистент М.М.Мамадияров, Ж.М. Досбаев және С. Марксұлы ұйымдастырды. Аталған шараның өтуіне «Alpha Academy» оқу орталығы мен Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институтының директоры Б.О. Омарбеков, Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты директорының орынбасары Ж.О. Жұмаділова, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының меңгерушісі Н.К. Қызылбаев, «Автоматтандыру және басқару»  кафедрасының ассистент-профессоры Н.С. Сарсенбаев атсалысты.

Олимпиада екі тур бойынша өткізілді және оған университеттен 50-ден астам белсенді студент қатысты. Студенттер өздеріне электротехника пәнінен берілген есептерді шешу дағдылары мен нақты стендтерде электротехникалық процестердің электрлік көрсеткіштерін зерттей алатындықтарын көрсетті. Екінші турға 6 студент өтті.

Екінші турдың шарты бойынша стендтік есептерді шешуде студенттер жоғары білім деңгейін көрсетіп, 1-орынды «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру» мамандығының 3-курс студенті Әлімхан Сағынғали Әділханұлы, 2-орынды «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2-курс студенті Сатабай Жансұлтан Жұмағалиұлы, 3-орындарды «Құрылыс» мамандығының 3-курс студенті Елтай Шаһризада Жұмаділлақызы мен «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті Қарақұлов Талғат Навиоллович алса.

Командалық есеп бойынша 1-орынды Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты, 2-орынды Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институты, 3-орынды «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы жеңіп алды. Сонымен қатар олимпиадаға белсенді қатысқан студенттер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту