15-17 ақпанда Ташкентте Орталық Азияның семсерлесу конфедерациясының ашық чемпионаты өтті
Жарыс үш түрлі қару түрінде өтті: семсер, рапир және қылыш. Чемпионат гимнастика бойынша Республикалық жасөспірімдер мектебінің кешенінде өтті. Жеңіс үшін Ауғанстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан, Қырғызстаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан 150-ден астам спортшы күш сынасты. Байқауды Өзбекстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт министрлігі, Семсерлесу федерациясы және бірқатар басқа ұйымдар ұйымдастырды.
Satbayev University Тау-кен және металлургия институты «Геодезия және маркшейдерлік іс» кафедрасының 3 курс студенті Утеуленова Аяулы осы жарыста күш сынасып жүлделі 3 орынға ие болды.
Жақын арада Иордания (Амман) қаласында өтетін Азия Чемпионатына, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында Гран-при турниріне (Анахайм, Калифорния) жолдама алды.