Сәтбаев Университеті холдингі

Қазақстандағы ең көне және алдыңғы қатарлы техникалық университет, ол тау-кен және мұнай өндіру саласында көптеген зерттеулерімен танымал. Сексен жылдан астам тарихы бар әйгілі жоғары оқу орны Қазақстандағы техникалық білім беру ісінің көшбасшысы болып табылады. Ал техникалық мамандықтар – университеттің бетке ұстар айнасы болып саналады. Университет көпсалалы болғандықтан, мұнда сәулет және менеджмент мамандықтарын да оқуға болады.

 

7

институт

1

жоғары мектеп

1

әскери институт

31

кафедра

660

оқытушылар

114

оқу-тәжірибелік
зертхана

11

ғылыми зертхана

3

ғылыми-білім беру
орталығы

3

тілде білім беру

2

оқу полигоны

1

космостық
сәулелер станциясы

2000

грант
жыл сайын

2300

орындық
жатақхана

240

орынды
әскери кафедра

450

серіктес-компания

15

спорт секциясы

14

студенттік ұйымдар

 

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін өзгерту аясында 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы университетке «Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті» мәртебесі беріліп, бұл өз кезегінде әлемдегі ең таңдаулы университеттермен бірлесіп жұмыс істеуге жол ашты. Қазір университет дүние жүзі бойынша 25 елдің жетекші 174 жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды (олардың ішінде АҚШ, Англия, Германия, Италия, Франция, Қытай, Корея, Польша бар). Университеттің құрамына «Парасат» ұлттық технологиялық орталығы мен 8 ғылыми-зерттеу институттары кірді.

Бүгінгі таңда Сәтбаев университеті тау-кен металлургия және мұнай-газ саласы бойынша ірі-ірі өнеркәсіп орындарымен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жобаларын және жоғары білікті мамандар даярлау ісін жүзеге асырып келеді. Сондай ғылыми бағыттардың бірі – «жасыл технология» және балама шикізат көздерінен көмірсутекті шикізат өндіру саласындағы жобаларды дамыту болып табылады.

Университет құрамында сонымен қатар халықаралық білім беру және өндірістік орталықтар, қазақстандық және шетелдік өндіріс орындарымен бірлесе ашылған еншілес кәсіпорындар бар.

«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның ғылыми және инновациялық қызметі республиканың басымды 5 ғылыми бағыты бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын ғылыми-технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді көздей отырып және жеке инвесторларды баулу мен мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік құралдарын қолдана отырып техникалық инновациялар құруға бағытталған.

Сәтбаев университеті мұнай қолдану саласы мен басқа да салалар бойынша ірі-ірі мемлекеттік жобаларға ғылыми-техникалық қолдау көрсету жағынан барлық халықаралық талаптарға сай келеді.
 

Халықаралық және ұлттық рейтингтерде алдыңғы қатарда

 

nkaoko

1 Қазақстанда

qs

405 дүние жүзінде

qs2

1201+ дүние жүзінде

rwu

4 Қазақстанда

 

Сәтбаев университеті – зерттеу университеті

Сәтбаев университетінің ең басты принципі – «ғылыми зерттеулерге сүйене отырып білім алу». Университетте ғылыми жұмыстар кеңінен жүргізіледі, ғылымды бейінді ғылыми бағыттар бойынша дамыту жөніндегі отандық және дүниежүзілік трендтерге сараптама мен мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ бейінді ғылыми білім беру бағыттары бойынша жасалатын іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру көздері іздестіріледі. ҚазҰТЗУ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде белгілі жеке меншіктік және мемлекеттік ірі-ірі кәсіпорындармен келісім-шарт жасасқан. Атап айтқанда, «Қазцинк», «Қазмырыш», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Тоспа Су», «Қазатомөнеркәсіп», «Парасат», «Павлодар мұнай-химия зауыты».

Сонымен қатар университет өндірістік маңызды мәселелерге талдау жүргізіп, оның шешілу жолдарын қарастырады, ғылыми жаңалықтарды іске қосып, жүзеге асыру жолын коммерциализациялау жөнінде көптеген жұмыстар жүргізеді, жаңа ойларды іздестіреді, инновациялық жобаларды қалыптастырып, жүзеге асыруға, жаңа стартап-компанияларды құрып дамытуға, олар үшін грант пен инвестициялар тартуға көмектеседі. Ең бастысы – интеллектуалдық қызмет нәтижелерін заңды түрде қорғауды қамтамасыз етеді.

Сәтбаев университетінің қазіргі заманғы ең басты мақсаты – халықаралық маңызы бар зерттеу университеті атану, әртүрлі елдердің студенттері мен білікті мамандарын дүниежүзілік ғылыми қауымдастыққа біріктіру, сөйтіп инновацияның көмегі арқылы тұрақты түрде дамуға ұмтылу.

Университет бағдарламасында қазіргі заманғы сұранысқа ие мамандықтарды оқыту да енеді, әсіресе Қазақстанға әлі таралмаған мамандықтар. Соның арқасында университеттің индустриялық ынтымақтастығы артып, жобалардың практикалық мәніне аса зор көңіл бөлінеді, инновациялық-зерттеулерлік қызмет те артып, жаңа стартаптардың, әрі өндіріс орындары үшін жүргізілетін зерттеулердің саны өседі.

2015 жылы университетте 2016–2025 жылдарға арналған University-2025 жол картасы қабылданды. Сөйтіп, университеттің жаңаша даму курсы студенттерге жоғары сапалы білім алып, Қазақстанда да, шетелде де жақсы қызметке орналасып, еңбек жолын бастауға кепілдік береді.

Еншілес ұйымдар

Satbayev University

Сандық техника және технология институты

Өндірісті автоматтандыру, машиналы интеллект және big data саласында Қазақстандағы ең жетекші ұйымдардың бірі. IT және 3D-технологиялары жөнінде зерттеулер жүргізеді, өндірісті автоматтандыру, сандық технология енгізу және аспап жасау жөніндегі инновациялық технологияларды өңдеумен, оны өндіріске енгізу жұмыстарымен шұғылданады. Институт құрылымында Автоматтандыру орталығы, Тәжірибелік- конструкторлық бюро, Суперкомпьютермен модельдеу зертханасы бар. Олар үлкен көлемді мәліметтерді өңдеуге, бағдарламамен қамтамасыз ету жобаларын жасауға мүмкіндік береді. Институт ұжымы ірі өндіріс орындарына арналған бизнес-үрдістерді интеграциялық жобалау жөнінде ТМД елдері арасындағы әзірге жалғыз жүйенің авторы болып табылады.

Science & Technology Solutions акционерлік қоғамы

qs

Алғашқы бастамашылық бағыттағы қызметте жоғары сұранысқа ие және бәсекеге төтеп бере алатын инновациялық ғылыми өңдеулерді үнемдеу мақсатында құрылған Ғылыми-технологиялық және білім беру орталығы. Бұл ірі холдинг тау-кен-металлургия және көмірсутек өндіру секторына арналған технологияларды өңдеп, оларды өндіріске енгізумен айналысады, солармен байланысты қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар кенді және техногенді шикізатты металлургиялық қайта өңдеуден өткізу мен оны байыту, металл және қорытпалар өндіру саласында жобалар жасайды, күн және су энергетикасы саласында зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ білім берудің мультимедиалық өнімдерін жасайды. Орталық 2008 жылы 3 шілдеде құрылған, оның құрамында ғылым мен өндіріс саласында жан-жақты қызмет ететін 12 ұйым бар. Сәтбаев Университеті 2014 жылы 19 желтоқсанда оның құрамына енді.

Физико-техникалық институт

Физико-техникалық институт – Қазақстанда материал тану, жоғары энергия және космостық сәулелер физикасы саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі. Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу мен инновациялық жобаларды іске қосу үшін институтта қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық және аналитикалық инфрақұрылым толық жеткілікті. Ол зерттеулердің нәтижесін іске қосу Қазақстанда ғылымды қажет ететін инновациялық өндірістерді дамытуда маңызды болып саналады. Әрі ол зерттеулер халықаралық дәрежеде қолдау тауып, АҚШ, Евроодақ елдері мен Жапонияның белгілі ғылыми басылымдарында жарық көрген.

У. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты

Бұл институт Қазақстан Республикасында гидрогеология, геоэкология және су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу саласы бойынша қызмет ететін жалғыз ғылыми ұйым болып табылады. Институт жер асты суларының әр түрлерін анықтау, жер асты су ресурстарын іздеп табу мен олардың сапасын бағалау әдістері туралы заңдылықтар орнату саласында ірі-ірі іргелі және аймақтық зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ ауыз суға химиялық анализ жасаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, техногенді гидрогеологиялық үрдістерді жобалайды және гидрогеологиялық стратификация жасап, оларды картаға түсіреді. Институт зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне кеңінен танымал. Институт Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының гидрогеология және инженерлік геология бөлімі негізінде 1965 жылы құрылған.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты

Институт – Қазақстандағы жетекші ірі геологиялық ғылыми-зерттеу орталық болып табылады, оның қарамағында жоғары білікті кәсіби мамандар қызмет етеді. Орталық қазіргі заманғы зерттеу-аналитикалық кешенімен жабдықталған және ол аймақтық геология, стратиграфия, минералогия, қатты, сұйық және газ тәрізді жүйелердің геохимиясы, пайдалы қазбалар кен орындары мен мұнай геологиясын зерттеу салалары бойынша жан-жақты тереңдетілген зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Институт базасында ЮНЕСКО-ның Халықаралық геологиялық корреляция комитеті белсенді түрде қызмет етеді. Сонымен қатар институт алыс және жақын шетелдердің (Ресей, ҚХР, Сербия, Германия, АҚШ, Англия, Жапония, Түркия, Бельгия және т. б.) белгілі компаниялары және мен бірлесе отырып, әртүрлі бағдарламалар мен жобалар бойынша ғылыми және қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт 1940 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қолдауымен құрылған.

Металлургия және кен байыту институты

Дүниежүзілік дәрежедегі ірі ғылыми-зерттеу институты минералды шикізат көздерін байыту, металлургия мен материалтану саласы бойынша жаңа технологияларды өңдеп, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ минералды шикізат көздерін байыту, металлургия мен материалтану саласының теориялық негіздерін дамытумен, соның нәтижесінде республиканың тау-кен-металлургия саласына арналған бәсекеге қабілетті технологияларды өңдеумен айналысады. Институттың металлургиялық ғылым мен практика саласындағы жетістіктері отандық және шетелдік (АҚШ, Канада, Швейцария, Германия, Англия, ҚХР, Испания, Корея, Бельгия, Чехословакия, Жапония, Венгрия, Югославия, Түркия, Ресей және т. б.) ірі конференциялар мен симпозиумдарда жоғары бағаланып келеді. 1978 жылдан бастап институт «Минералды шикізатты кешенді пайдалану» атты халықаралық ғылыми-техникалық журнал шығарады, онда тау-кен металлургия кешенінің қазіргі заманғы мәселелері мен ғалымдардың жетістіктері туралы мақалалар жарияланады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту