Кәрім Медет Сапиұлы

Кәрім Медет Сапиұлы

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ барлау мен өндіру активі бойынша директоры

calendar
Оқу жылдары: 1995-2000 жж.
cap
Мамандығы: "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану"

Мен ҚазПТИ-ге 1995 жылы түстім. Ол кездері мұнай өлкесінен шыққан аға ұрпақтың қажырлы және мәртебелі еңбегінің арқасында нағыз ер адамдарға айналған институтқа түсу үлкен мақтаныш болатын, өзім солай ойлаушы едім. Менің ағаларым геолог, геофизик болып, мұнай мен газды өндіру саласында жұмыс істеген. Олардың ғажайып және елең еткізер әңгімелері мені мұнай факультеті, «Мұнай және газ кенорындарын игеру мен пайдалану» мамандығын таңдауға итермеледі.

Алғашқы курста мені химия қызықтыратын, бірақ соңғы курстарда мен үшін мүлдем жаңа бағыттағы мамандығыма байланысты пәндер ұнай бастады. Алайда студенттердің көбіне және менің өзіме де қиындық келтіретін пәндер бар болатын: олар “Механизмдер және машина теориясы - ММТ”, “Машина бөлшектері” мен  “Материалдар кедергісі”. Көбірек тырысып, қосымша әдебиетті зерттеп, оқытушылардан көмек сұрау қажеттілігі туды. Әсіресе  менің “Материалдар кедергісі” пәнінен сабақ берген Рахимбекова Зифа Мәтенқызына ризашылығым шексіз (айтпақшы, бұл пән менің сүйікті пәніме айналды). Бізге білім берген институттың барлық оқытушылық құрамына шын жүректен алғыс айтқым келеді. Олардың көбін мен бүгінгі күнге дейін еске түсіремін: Нұрсұлтанов Г.М., Жиембаев К.И., Әбішев С.К., Тастанбеков Г.Г. және де әрине мұнайшылардың сүйіктісі, біздің мақтанышымыз, аса қадірлі академик Жолтаев Герой Жолтайұлын айтпай кетуге болмайды. 

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мен 3 курстың соңында ойлана бастадым. Ал 4 курстың аяғында мен кен орындарын игеру бойынша өзімнің курстық жұмысымды шикі мұнай дайындау тақырыбында жазып, оны кейін дипломдық жұмысымда жалғастырдым. Сол кездері маған Жиембаева Қаламқас Ыдырысқызы мен Нұрсұлтанов Галиаскер Мұратұлы тәлімгерлік көмек пен демеушілігін білдірді. Одан кейін өзімнің әріптестеріммен бірге осы бағыттағы зерттеулерді мансабымның басында жалғастырып, әртүрлі технологиялармен, кен орындарда мұнай дайындау жүйелерін өзгерту бойынша, бұған қоса соңында патент ретінде бекітілген (“Тұрақсыз су-мұнай майшыттарды тазалау мен бөлуге арналған құрылғы”, инновациялық патент) бірнеше өнертабыстармен жұмыс істедім.

Бұл шын мәнінде нағыз ер адамдарға арналған жоғары оқу орны

Өзімнің жұмыс бабындағы ең алғашқы жылдарды еске түсіре отырып, сол кездегі жастардың өндіріске барудан, жұмысты ең төменгі лауазымнан бастаудан қорықпайтындығын түсіндім. Дәл осылай мен де “ҚазақойлЭмба” ААҚ, “Қайнармұнайгаз” басқармасының Орынқазған (қазір Б. Жоламанов кен орны) кен орнында мұнай мен газ өндіру бойынша 2-нші разрядтағы оператор қызметінен бастадым. 1995 жылы осы кен орны негізінде МГӨБ енді ғана құрылып жатқан. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап университетте алынған теориялық білімді практикалық ақпаратпен салыстыру қызық болатын. Жұмысты енді бастаған бізге цехтегі геологтерге көмектесу аса ұнайтын. Себебі олардың есептеулері арқылы оқу кезінде дерексіз болып көрінген нәрселерді сезінетін едік. Мұнайды дайындау мен қотару цехінде операторлардың орнында жұмыс істеу де қатты ұнайтын. Мінеки бәрі осылай басталған еді. Мен оқытушыларға бізге оқу кезінде берген білім мен дағдылары, бізге жұмсаған энергиялары мен күштері үшін алғысымды білдіремін. Мұның бәрі менің болашақ мансабымның негізі болды.

Туған мекеменің қабырғасында алған біліміммен бірге мен уақыт өте келе әріптеске айналған нағыз достарымды да кездестіріп(кейбіреулерімен әлі күнге дейін тығыз байланыста болып, отбасымызбен араласымыз), тұлға ретінде қалыптасып, ересек өмірге дайын болдым. Болашақта кезіндегі біздің оқытушылар сияқты, өсіп келе жатқан жастармен білімім мен тәжірибеммен бөлісіп, студенттердің жетекшісі болғым келеді. Ал қазір: “Армандаңдар, армандарыңа ұмтылыңдар!” деп айтқым келеді.

Бүгінгі студенттер – ол еліміздің болашағы, қоғамымыздың негізгі активі, прогресстің күші. Біздің мұнай өнеркәсібіміздің болашағы солардың қолында. ҚазҰТЗУ түлектері болашақ ұрпақтың игілігі үшін Отанымыздың көркеюіне үлкен үлесін қосатындығына кәміл сенемін. Ал ҚазҰТЗУ-ды болашақта еліміздің экономикасын қажетті білімі мен қабілеттерімен дамытатын жоғары білімді мамандарды дайындайтын көшбасшы ретінде көремін!

10 қазан 2020 5510
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту