Сұранысқа ие маман атаныңыз:

Кешенді білім,
халықаралық тәжірибе,
мықты тағылымдама

Жобаларды басқару үрдісінде
жетекші роль атқару

Халықаралық нарықта
сұранысқа ие екі дәреже
немесе сертификат

Жобаларды басқару саласы
мамандарына деген әлемдік
жоғары сұраныс

Жоба менеджері деген мамандыққа ие болып, жобаларды әр сала бойынша басқарыңыз

Біз мына бағдарламаларды ұсынамыз:

1. «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистратура (60 кредит ECTS)

Ақылы бағдарлама

2. Жобаларды басқару саласы бойынша ұқсас мамандықтар (30 кредит ECTS)

Ақылы бағдарлама

Осы бағдарламаларға арналған гранттар қарастырылмаған!

Өзіңді таңдаулылар қатарында сезінгенің

Бағдарламаларды Валенсия политехникалық университеті (Испания) және Е. А. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтында (Сәтбаев университеті, Қазақстан) тіркелген REP PMI® бағдарламалары провайдері құрастырған.

Ол халықаралық бағдарламалардың құндылығын бағалайтын, мәдениетаралық қарым-қатынаста тәжірибесі мол, өз мансаптарын енді ғана бастаған жас жоба менеджерлері мен кәсіби мамандар үшін таптырмайтын тамаша мүмкіндік.

Жан-жағыңдағы адамдар білмейтінді сен ғана білетін кезің

Project management бойынша тегін тест тапсырып, біліміңізді тексеріңіз.

Question #1. What is a project?

тест тапсыру

Бағдарламаның ерекшелігі:

Бағдарламаны Қазақстан мен Испанияның мәртебесі биік университеттері даярлаған

Сала эксперттері даярлаған инновациялық пәнаралық бағдарламалар

Бағдарламаларда тәлімгерлердің кәсіптік жұмысбастылығы есепке алынады

Курстың модульдерді академиялық және салалық жетекші мамандар даярлаған

Оқу онлайн түрінде кампусте өтеді (Алматы және Валенсия)

Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Сенің келешегіңе испандық нұр төгіліп тұрған кезі

Сіздің тапқан пайдаңыз:

Қазақстанда теңдесі жоқ, тамаша оқу бағдарламасы бойынша білім алу

СУ мен ВПУ-нің жоғары дәрежелі оқытушыларынан білім алу мүмкіндігі

Халықаралық өте қызықты әрі пайдалы қарым-қатынастар

Кейстегі жобаларды басқару бойынша мәселелердің шешімін табу тәжірибесі

Үлкен кросс-функционалды командамен жұмыс жасау біліктілігі

Дүние жүзінің кез келген елінде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Жобаларды басқару институтының стандарттары бойынша оқыту (Project Management Institute, Пенсильвания, АҚШ)

Жеке оқығаннан гөрі, уақыт үнемдеп, осы бағдарлама бойынша оқып, қатарынан екі дипломға ие болу

Тағы қандай сұрақ бар?

Екі бірдей университет саған ең ыстық екенін сезген кезің

Валенсия политехникалық университеті 1502 жылы ашылып, қазір сол елдегі ең алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының біріне айналған, Европа бойынша 4-орын алады. ВПИ техника саласына басымдық жасай отырып, 67 мамандық бойынша білім алуды ұсынады. Ал икемді оқу бағдарламалары университеттің динамикалық және инновациялық дамуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда университет қауымдастығында 42000 астам адам бар.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең көне, ең ірі техникалық жоғары оқу орны. QS World University Rankings 2018 бойынша дүниежүзілік ең үздік 500 университеттердің қатарына кіреді және Қазақстан университеттері арасында 3-орын алады. Университет аса жоғары техникалық білім мен 25 шетелдік университеттердің ғалымдарымен бірлесе отырып ғылыми жұмыс жүргізуді ұсынады.

Сен Испанияға тек демалуға ғана емес, басқа да мақсатпен барғаның

Магистратура бағдарламасы:

Пән Мазмұны Университет ECTS кредиттері
Жобаларды басқару негіздері PMI® PMBOK® базасында жобаларды басқару негіздеріне жан-жақты кіріспе жасау. Guide 6-басылым 4
Жобаларды басқарудың контекстері мен үрдістері Жобаның өмірлік кезеңдерін және сәйкес іс-әрекеттері мен амал-әдістерін оқып үйрену 5.5
Жобаларды басқарудың әдістері мен техникасы Жобаларға практика жүзінде басқару жүргізгенде және оларды қолданғанда техникасы мен әдістеріне толық шолу жасау 4
Сатып алулар мен байланыстар Жоба бойынша сатып алулардың элементтері жайлы және осыған сәйкес келіссөздер стратегиясы жайлы кешенді білім алу 1.5
Жобаларды экономикалық тұрғыда бағалау Экономикалық модельдер мен құралдарды қолдана отырып, жобаға бағалау жасау 3
Мемлекеттік сатып алулар Жергілікті үкімет органдарының сатып алуларды реттеу жөніндегі ережелерін үйрену 2
Жобаларды басқару контекстіндегі мінездемелік ерекшеліктер Жобаларды сәтті өткізу үшін лидерлік машықтығы және стратегиялық басқару икемділігі болуы керек 4
Жобаның сапасын басқару Сапа басқару тұжырымдамалары мен құралдары және оларды практикада қолдану 2
Жобаларды басқару аясындағы компьютерлік құралдар Жобаларды жоспарлау және мониторинг жүргізу үшін арнайы компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді үйрену 8
Инновациялар мен зерттеулерді басқару Инновациялар мен зерттеулерді басқару үшін стратегиялар мен әдістемелерді жасау 2
Тәуекелдіктерді басқару Сапалы және санды анализ жасай отырып, тәуекелдікті бағалау мен тәуекелдікке әсер етудің сәйкес стратегиясын ұсыну 2
Зерттеулерге кіріспе жасау Зерттеу әдістері мен құралдарын академиялық ортада оқып үйрену 3
Қызығушылық танытқан тараптарды басқару Жобаларды сәтті өткізу мақсатында қызығушылық танытқан тараптарға мұқият анализ жасау және оларды басқару 2
Жобалау менеджментіндегі кәсіптік сертификация Қолда бар халықаралық сертификатталған мүмкіндіктерге шолу жасау және емтиханға дайындық 2
Магистерлік диссертацияны даярлау және қорғау

Оқуға түсу үшін:

Кез келген сала бойынша бакалавр деңгейіндегі білімі болуы керек

Intermediate деңгейінде ағылшын тілін білуі шарт

Байланыс ақпараттары

Бағдарлама координаторы

+7 (777) 398 18 47 ddp@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.