Higer Quazar: «Сәтбаев университеті мен Higer Holdings Co LTD» компаниясының бірлескен кәсіпорны

Higer Quazar

Сәтбаев университеті мен Higer Holdings Co LTD бірлескен инвестициялық компаниясы «Quazar» маркалы электробустар шығарады. Компания 2016 жылы 5 қыркүйекте құрылған еді. Оның мақсаты – Қазақстан қалаларындағы экологиялық зиянды қалдықтар мәселелерін оңымен шешу және экологиялық жағынан таза көліктерді біртіндеп қолданысқа енгізе отырып, «жасыл энергетикаға» ауысу жолдарын қамтамасыз ету. Ал бұл мәселелерді шешу жолында электрлі көліктерді қолдану – ең маңызды шешім болып табылады, өйткені олардан бөлінетін зиянды қалдықтар 0%-ды құрайды, яғни мүлде зияны жоқ деген сөз.

Дизельді жағармаймен барлық ауаны ластап жүретін автобустарды электробустарға ауыстыру – бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдері қолданып келе жатқан әдіс, яғни «жасыл энергетиканы» енгізу тренді. Электр көліктерін жаппай қолданысқа енгізу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қазір АҚШ, Қытай, Германия, Нидерланды, Норвегия секілді ірі-ірі елдерде орын алып отыр. Электробустардың құны қарапайым автобустарға қарағанда 15–20% жоғары, десе де оны қолдану шығыны мен қызмет көрсету шығынының құны әжептәуір төмен.

– Технологияның қарыштап дамуының арқасында «Higer Quazar» маркалы электр көліктерін қолданысқа енгізу қазақстандық қалалардың экологиялық мәселелерін шешуде ең тиімді және дұрыс әдіс болып табылады, – дейді Higer Quazar компаниясы бақылаушы кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков.

Higer Quazar компаниясы қалалық және туризмге арналған автобустарды өндіру жөнінен Қытайдағы және дүние жүзіндегі ең жетекші компаниялардың бірі ғана емес, сонымен қатар ол электромобильдерге жұмсалатын энергияны үнемдеу жөнінен биік жетістіктерге жетіп, алдыңғы қатарлы болып табылатын шведтік Scania компаниясымен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде Higer компаниясы электрлі автобустарға арналған дүние жүзіндегі ең қуатты батареяларға ие болып отыр.

Бұл жобаның негізін қалаушы – «Парасат» холдингі. Higer Quazar компаниясы  мен «Парасат» холдингі бірлесе отырып, Алматы қаласында соңғы технологиялар мен ғылыми жетістіктерді қолдану арқылы электр көліктерін өндіруші зауыт құрылысын бастау туралы келісім-шарт жасасты. Ал екінші келісім-шартты кәсіпорын жанынан құрылған конструкторлық бюро қызметінің шеңберінде студенттер мен ғалымдардың бірлесе отырып қызмет етуі жөнінде жасасты. Яғни, ғалымдар қолданыстағы технологияларды жетілдіре отырып, электробустың жүру уақытын одан сайын созуға, сөйтіп жағармай құю циклін азайтуға тырысады. Бұл алдағы уақытта өзіндік ғылыми база негізінде жақсы жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі – бірлескен кәсіпорынның 51%-ы қытайлықтардың үлесінде, әрі олар өнімнің сапасына толығымен жауап береді. Осы жоба аясында қытайлықтар Қазақстан жағына электробустардың патентін табыстады. Қазіргі таңда Higer Quazar-дің эксклюзивті толық моделі ТМД елдері арасында тек қана Алматы зауытының еншілігінде. Электробустар барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, Евразия экономикалық қауымдастығы мен Евроодақ көлемінде қолданысқа рұқсат ету сертификатына ие болды.

 «Quazar» – «Көлік ретінде қолдануға рұқсат етілген» сертификаты бар алғашқы әрі әзірге жалғыз электроавтобус (ISO сертификаты және Европалық VCA сертификаты). Кәсіпорын 58 адамға арналған 8,5 метрлік және 110 адамға арналған 12 метрлік электробустарды шығарады. Бұл екеуі де –50ºC-тан төмен суықтарға төзіп, жүре береді.

Higer Quazar компаниясы электробустар өндіруден басқа, инфрақұрылымға қажетті электрлі көліктер құрылысын дамытуға арналған құрылғыларды орнатумен де айналысады. Атап айтқанда, зарядтайтын құрылғылар тобы. Ол құрылғыларда жарнамалық контент орналастыруға болатын дисплей, кредиттік карталармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін автоматтық модуль және есеп айырысуға мүмкіндік беретін 5 түрлі жолдар бар. Сонымен қатар «Quazar» компаниясы қалаларда зарядтық инфрақұрылымдар құрылысымен тегін түрде айналысатын болады, мұндай орындар өз кезегінде қалаларда жеке меншікті электромобильдер паркін ашу ісін дамытуға ықпал ететін болады.

Higer Quazar

Higer Quazar

 

Бірлескен кәсіпорын серіктестері

Higer Holdings Co LTD – электробустар өндіру жөнінде, сондай-ақ көліктік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу жөнінде дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы қытайлық компания.

«Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы – ҚР-дағы жетекші техникалық жоғары оқу орнының коммерциализациялау орталығы. Оның негізгі міндеті – жаңа технологияларды енгізуге бағытталған инновациялық жобаларды жасап, іске асыру, мемлекеттік-жеке меншіктік сектор құралдарын пайдалана отырып, сол іске жеке инвесторларды жұмылдыру.

 

Бірлескен кәсіпорынның негізгі міндеттері

Кәсіпорын негізінен Қазақстан қалаларында дизельді автобустарды электрлі автобустарға ауыстыру жөніндегі кешенді мәселелерді қысқа мерзім ішінде шешу ісіне баса назар аударады. Сондай-ақ кәсіпорын «жасыл энергетика» саласындағы инновациялық жобаларды іске асырумен де шұғылданады.  

 

Бас директор

Жомарт Шаймерденов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.