Химиялық және биологиялық технологиялар институты

Институт химиялық, химия-технологиялық, мұнай өндіру және мұнай-газ химиясы саласына қажетті химиялық технологтар мен инженерлерді даярлайды. 

Химиялық инженерия – өзінің құрамына физика мен химияны біріктіретін инженерлік сала. Студенттер шикізаттар мен химиялық өнімдерден күнделікті тұрмысқа қажетті пайдалы заттар өндіру үрдісін үйреніп шығады. Химиялық инженерия – өндіріс технологиясының тиімділігін арттыру үшін қолданылатын химиялық және биологиялық үрдістердің ең терең біліміне негізделген жоғары технологиялық сала, сондай-ақ ол үрдістер өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу барысында өте маңызды роль атқарады. 

Институт химиялық инженерия саласындағы жаңа бағыттарға бет бұрып, қазіргі заманғы нарық сұранысына сай химик-технологтарды, инженерлік-техникалық мамандарды даярлайды, келешекте олар ірі-ірі химиялық өнеркәсіп орындары мен бизнес құрылымдарда алдыңғы қатарлы мамандар болып шығатыны сөзсіз.   

Институт алғашында Қазақ тау-кен-металлургия институтының (1934 ж.) құрамында «Қолданбалы химия» кафедрасы ретінде ашылған еді. Оның негізін қалағандар қатарында Қазақстанның түсті металдар, фосфор саласы мен химиялық өнеркәсібінің қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосқан КСРО химия өнеркәсібінің көрнекті ғалымдары тұрды. 

Институтта 1994 жылы (Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) академик Е.Шайхутдиновтың бастамасымен «Жоғары молекулярлы қосылыстар» кафедрасы ашылды, бұл институт дамуының жаңа қадамдары болып саналды. Кафедра жұмысына ғылыми серіктестер ретінде Ресейдің, Ұлыбритания мен Италияның алдыңғы қатарлы жетекші жоғары оқу орындары жұмылдырылып, олар еліміздің мұнай химиясы саласына қажетті ғылыми-техникалық және инженерлік кадрларды даярлауға көмектерін тигізді. 2016 жылы кафедра Химиялық және биологиялық технологиялар институтының құрамына енгізілді.

Бүгінгі таңда институт Қазақстанның мұнай химиясы, мұнай мен газды қайта өңдеу саласына қажетті мамандарлы даярлауда алдыңғы қатарлы озық жоғары оқу орны болып саналады. Институттың құрамында үш кафедра бар: «Қолданбалы химия», «Химиялық технология» және «Биотехнология». Студенттерге жоғары мамандандырылған және ғылыми-педагогикалық, әрі практикалық тәжірибесі өте мол кәсіби оқытушылар білім береді. 

Институт зертханалары физикадан, коллоидты және аналитикалық химиядан практикалық жұмыстар жүргізу үшін Phywe Systeme (Германия) фирмасының қазіргі заманғы құралдарымен жабдықталған. Студенттерге виртуалды тәжірибелік жұмыстар жүйесі үнемі қол жетімді, сондай-ақ олар ғылымизерттеулер мен студенттік ғылыми конференцияларғада қатысады. Институт өз кезегінде Алматы қаласы мен облысы орта мектептерінің оқушыларымен кездесулер ұйымдастырып, оларды химия пәнінен жыл сайын өтетін халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатысуға үгіттейді.

Сонымен қатар институт Евроодақ, АҚШ және Азия елдерінің университеттерімен жан-жақты байланыс орнатып, Лаквилл университетімен (Италия), Санкт-Петербург университетімен (Ресей) ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. 2012 жылдың қыркүйек айында Қазақ ұлттық технологиялық зерттеу университетімен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

Институттың студенттері мен оқытушылары халықаралық Tempus, Erasmus, Newton-al-Farabi бағдарламаларына қатысып, Ұлыбританияда тілдік тағылымдамадан өтеді, ал басқа да шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен серіктес өнеркәсіп орындарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ институт Қазақстанның мұнай-газ және мұнай химиясы саласындағы алдыңғы қатарлы жетекші кәсіпорындарымен серіктестік қарым-қатынас жасайды. Атап айтқанда: Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар мұнай химиясы зауыты, Қазақ газ өндіру зауыты, «Интергаз Орталық Азия», «Теңізшевройл» және «Fluor Corporation» компаниялары, Мұнай өнімдерін сараптау жөніндегі тәуелсіз орталығы (Organic).

Институт жанынан «Future science club» студенттік ғылыми клубы ұйымдастырылған. Осыған орай академиялық топтың эдвайзерлері студенттерге барынша көп көңіл бөледі. Олар студенттермен бірге табиғатқа саяхат жасап, жиі-жиі театрларға, көрме залдары мен мұражайларға барып тұрады. 

Байланыстар

Түйебахова Зоя Қайымқызы

Директор

ГУК 308

+7-727-257-7070

7070 (вн.)

z.tuiebakhova@kaznitu.kz

Портнягина Ирина Алексеевна

Директор орынбасары

ГУК 1027

+7-727-257-1027

1027 (вн.)

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.