Қашықтықтан білім беру институты

Сәтбаев университеті интернет көмегі арқылы қашықтықтан білім алуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті университет жанынан ашылған Қашықтықтан білім беру институты жүзеге асырады. Бұл институт 2004 жылы Ақпараттық технологиялар институты жанынан Қашықтықтан білім беру орталығы ретінде құрылған болатын. 2009 жылы бұл орталық Қашықтықтан білім беру институты болып қайта құрылды. Осының арқасында университет 2015 жылы Европалық GUIDE ассоциациясының (Global Universities In Distance Education, Rome, Italy) құрметті мүшесі атанып, қашықтықтан білім беру жүйесін жаңа сатыға көтерді. 

Оқу жүйесін басқару үрдісі Сәтбаев университетінің жеке білім беру порталына негізделе отырып құрылған. Оқу үрдісі бір-бірінен алыстағы оқытушы мен студенттің өзара байланысып, іс-әрекет етуі арқылы жүзеге асады. Ол үшін институт вебинар форматында online-сабақтар жүргізеді. Мұнда оқитын студенттердің әрқайсысында виртуалды «жеке кабинет» бар, оған оқытушыкез келген уақытта жіберген дәрістер мен басқа да әдістемелік материалдар түсіп тұрады. Оқу үрдісі кезінде әрбір студент өзіне қажетті алаңды құрып, оқу тапсырмаларын орындап, тексеріске жібере алады және жұмыс жоспары мен жеке оқу жоспарын да, кез келген ақпаратты да қабылдап, жүргізілетін сабақтар мен емтихандар кестесін көре алады.    

Институттағы оқу үрдісіне студентті бағыштау моделі енгізілген. Университеттің көптеген күндізгі білім беру бағдарламаларын – бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары мен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағдарламаларын пайдалануға да мүмкіндік берілген. 

Қашықтықтан білім беру институтының бағдарламалары

Сәтбаев университетінің қашықтықтан оқу бағдарламалары күндізгі оқу бөлімінде оқуға мүмкіндігі жоқ студенттерге, сондай-ақ белгілі бір мамандық бойынша еңбек етіп жүрсе де, өз білімдерін жетілдіргісі келетін студенттерге арналған. 

Компьютерлік білім беруде соңғы шыққан жаңа технолгияларды қолданудың арқасында бағдарлама уақыты жағынан да, арақашықтық жағынан да студенттерге өте ыңғайлы. Сондықтан да Сіз дүние жүзінің қай түкпірінде жүрсеңіз де, Сәтбаев университетінде оқып, білім алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сізге керегі – тек компьютер мен интернет қана!

Егер де Сіздің бакалаврлық біліміңіз бар болса, Сәтбаев университеті Сізге екінші жоғары білім алу бағдарламаларын ұсынады. Қашықтықтан білім беру бағдарламасы стандарттық білім беру бағдарламасына толығымен сәйкес келеді және әрбір студенттің жеке сұранымы мен талаптарына сай жасалған. 

Қашықтықтан білім беру институты туралы толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.