Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Институт пайдалы қазбаларды іздеу мен геофизикалық мәліметтерді өңдеу саласында қазіргі заманғы әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгерген геолог-мамандар мен мұнайшыларды даярлайды. Түлектер тау-кен және мұнай геологиясы, геофизика, гидрогеология және бұрғылау саласының мамандары болып шығады. 

Жетекші ғалымдардың бағалауына қарағанда, бүгінгі таңда Қазақстан табиғи ресурстар қоры жағынан дүние жүзінде алтыншы орын алады. Менделеев таблицасындағы 110 элементтің 99-ы біздің жер асты қойнауымызда бар, соның 70-і зерттеліп, 60-ы қолданыста жүр. 

Геолог мамандығы – республикадағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Ол өзінің жан-жақтылығы арқасында қажет кезде басқа мамандыққа тез арада ауысуға мүмкіндік береді. Сол себепті біздің түлектер арасында – облыстық және аудандық әкімдер мен мұнай компанияларының президенттері де кездеседі. 

Институттың негізі 1934 жылы қаланды деуге болады, дәл сол жылы Қазақ тау-кен-металлургия институты жанынан геологиялық барлау факультеті ашылған болатын. 1949 жылы «Геофизтка» кафедрасы ашылып, ҚазТКМИ-ның негізгі кәсіби кафедраларының біріне айналды. Ал 2000 жылы геологиялық барлау факультеті мен мұнай факультеті негізінде осы Геология және мұнай-газ ісі институты құрылып, 2006 жылы институтқа көрнекті қоғам қайраткері, геолог-ғалым Қаратай Тұрысовтың есімі берілді.    

Институт құрамында 7 кафедра бар: «Ұңғымаларды бұрғылаудың технологиясы мен техникасы», «Мұнай және газ кен орндарын өңдеу және пайдалану», «Гидрогеология, инженерлік геология», «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау», «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «Геофизика», «Мұнай және газ геологиясы».

Институттың оқу бағдарламалары мұнай-газ саласының соңғы жетістіктеріне негізделе құрылған. Түлектер пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың, әртүрлі типті жер асты суларының қазіргі заманғы технологиясын, ұңғымаларды зерттеудің және пайдалы қазбаларды іздеудің, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудың геофизикалық әдістерін, сондай-ақ мұнай және газ құбырларын жасау мен пайдалану жолдарын және оларды теңіз бен құрлықта сақтаудың үрдістерін үйреніп шығады. Оқу барысында студенттер қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы аппаратураларды қолдана отырып, дала жұмыстарын орындайды және пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстарында кеңінен қолданылатын «Геософт», «Петрель» сияқты бағдарламаларды біліп шығады. 

Институтта тамаша материалдық-техникалық база, зертханалар, қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылымдар және күнделікті оқу үрдісіне қажетті инновациялық технологиялардың бәрі дерлік бар. Сондай-ақ кендердің заттық құрамын оқып-үйрететін минералогиялық орталық және құнды заттар мен табиғи жәдігерлерге өте бай минералогиялық мұражай бар.  

Студенттер өндірістік практика өткен кезде мәліметтерді өңдеу үшін қолданылатын қазіргі заманғы бағдарламаларды меңгереді, атап айтқанда: Studio RM – құрылымдық-блок жүйесін модельдеу мен қалған қорды есептеуге арналған бағдарлама, Oasic Montaj – гравитациялық және геомагниттік өрістерді модельдеу бағдарламасы, сейсмологиялық барлау, каротаж мәліметтерін өңдеу мен оларды талдауға арналған Echos және Geolog Focus бағдарламалары, Surpac, Micromine, Arcgis және Mapinfo бағдарламалары.

Институттағы оқу үрдісі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бірлесе отырып жүргізіледі, мұндай әдіс студенттерге қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде «Геофизика» кафедрасының қызметкерлері геологиялық-геофизикалық мәліметтерді модельдеу және оларға кешенді талдау жүргізу үшін Қазақстандағы көмірсутектер кен орындары туралы мәліметтердің базасын жасады. Сондай-ақ институт халықаралық қатынас қызметін де белсенді түрде жүргізіп, АҚШ, Европа және Ресей институттарымен тығыз байланыс жасап келеді. Осының арқасында студенттер Колорадо тау-кен мектебінің (Денвер қаласы, АҚШ) оқу полигонында практикадан өтуге, Лоррэна университетінде (Нанси, Франция) қос дипломды білім алу жүйесі бойынша оқуға  мүмкіндік алып отыр. Студенттер Adam Mickiewicz University (Польша), University of Warsaw (Польша) университетінде, Томск политехникалық  университетінде (Ресей), Bergakademie Freiberg (Германия), Vrije Universiteit Brussel (Бельгия), Natural History Museum (Лондон, Ұлыбритания) университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. 

Өте маңызды академиялық бағдарламалармен қатар студенттер бос уақыттарында халықаралық мұнай-газ кәсіпорындары инженерлері ұйымының (Society of Petroleum Engineers) және іздеу-барлау геофизикасы (Society of Exploration Geophysicists) мамандарының бағдарламаларымен де белсенді түрде  айналысады. Ал қазіргі таңда студенттер халықаралық EAGE конференциясының дайындық жұмыстарына волонтер ретінде қатысып жүр.

Студенттер «Қазгеология», «Қазақмыс», «Қазминереалс» «Қазатомөнеркәсіп», МТД «Южказнедра», МТД «Севказнедра», «Милысай», «Волковгеология» ГРЭ-23, «Қазфосфат», «Центргеолсъемка», «Майқайыңалтын» компаниялары мен Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында өндірістік практикадан өтеді. Ал біздің түлектер ірі-ірі мұнай және газ компанияларының геология бөлімінде, сондай-ақ басқа да әртүрлі өндірістік және ғылыми өнеркәсіп орындарында қызмет атқара алады. Атап айтқанда, «Бейкер Хьюз», «ҚазМұнайГаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Теңгізшевройл» «Schlumberger», «Қаражанбасмұнай», «СНПС-Ақтөбе» және т. б. 

Байланыстар

Бекботаева Алма Анарбековна

Директор

ГУК 325

+7-727-257-7031

7031 (вн.)

Жумаханова Назерке Ержановна

Директордың орынбасары

ГУК 317

7149 (вн.)

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.