Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты

Институт республикамыздың көптеген өнеркәсіп орындары үшін машина жасау саласына қажетті мамандарды даярлайды: машина жасау, аспап жасау, мұнай-газ химиясының салалары, станок жасау, робототехника, көлік құралдары, автомобильді және тракторлы машина жасау. Сонымен қатар техникалық жүйелер сенімді әрі мықты болуын, қолданыста олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлайды.

Институттың ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі жарты ғасыр шамасында деп танылып, ол Қазақстанда инженер кадрларын даярлаудың ең басты ұстаханасына айналды. Алғашқылардың бірі болып институтта «Стандартизация, сертификация және машина жасау технологиясы» кафедрасы (1959) ашылып, оның қызметі инженер-механиктерді даярлауға бағытталды. Кафедра Алматы ауыр машина жасау зауытынан алынған станоктармен, құрал-саймандармен, өлшемдік құралдармен жабдықталды. 

1977 жылы профессор Мейрам Құрманғалиев сол кездегі ҚазПТИ қабырғасында машина жасау факультетін ашқан болатын. Кейіннен ол Машина жасау, технология және экология институты болып қайта құрылды, ал 2011 жылы оған Қазақ тау-кен-металлургия институтының тұңғыш ректоры Әшір Бүркітбаевтың есімі беріліп, институт жаңа атауға ие болды. Өнеркәсіптік инженерия институты талай-талай талантты түлектерді ұшырып шығаруының арқасында Алматы қаласының индустриалды потенциалы осы күнге дейін республикадағы ең мықтылардың бірі болып келеді.

Осы күні институт құрамында 6 кафедра бар: «Станок жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы», «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары», «Стандартизация, сертификация және машина жасау технологиясы», «Жүк көтергіш және тасымалдау машиналары мен гидравлика», «Баспа өндірісінің машиналары мен технологиялары», «Қолданбалы механика және инженерлік графика». 

Болашақ инженерлерге институттың білікті профессорлары, доценттері мен өндіріс мамандары мемлекеттік және орыс тілдерінде сабақ береді. Студенттер қазіргі заманғы машина жасау, аспап жасау, көлік және көлік техникасын, САПР бағдарламасы бойынша конструктор немесе технолог ретінде жұмыс жасауды үйрене отырып, өндірістік робототехника және автоматика технологиясын меңгеріп шығады, сондай-ақ барлық станоктарды сандық бағдарламалық басқаруды, 3D-технологиясын, 3D-сканерлеу,  3D-баспа басуды толығымен үйреніп шығады. 

Институт мамандары халықаралық ASIIN (Германия) аккредитациялық агенттігінен, Білім берудің сапасын арттыру жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттікте (НКАОКО), Аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттікте (НААР) аккредитациядан өткен.

Институт құрамында 30 мамандандырылған зертханалар мен кабинеттер бар, олар толығымен қажетті құрал-жабдықтармен, аспаптармен, компьютерлік техникамен жабдықталып, арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. 

Оқу барысында студенттер ең соңғы үлгідегі, әрі  халықаралық дәрежедегі Nastran, Comsol multiphisics, компас 3D және APM WinMachine сияқты автоматтандырылған жобалар жүйесін қолданады, робототехника мен сандық басқару бағдарламалары арқылы жұмыс жасайтын станоктарды қолдана отырып, компьютерлік технологиялар мен 3D-сканер базасындағы жабдықтар мен өнеркәсіптік технологияларды, 3D-принтерлерде 3D-сызуларды орындауды оқып үйренеді. 

Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды: профессорлы-оқытушылар құрамы және студенттермен өзара алмасу; докторанттарды шетелдік тағылымдамадан өткізу; магистранттардың шетелдік практикасы; қос дипломды білім беруді ұйымдастыруға арналған оқу жоспарларын бірлесе отырып жасау; білім беру мәселелері жөнінде пікірталастар өткізу және т. б. Сонымен қатар институт Магдебург техникалық университетімен,  Авейро университетімен (Португалия), Стэнфордс университетімен (АҚШ); ТМД елдерінің жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен: ММТУ (Мәскеу), Орал федеральды университетімен (Екатеринбург) тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Біздің түлектер Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік салаларында жан-жақты білікті инженер-механик, конструкторлық қызметтер атқара алады. Сондай-ақ олар машина жасау; көлік өнеркәсібі; металды, функционалды және наномөлшерлі материалдар өндіру жөніндегі кәсіпорындарда; конструкторлық-жобалау бюроларында; ғылыми-зерттеу институттарында өте жоғары сұранысқа ие болып, мемлекеттік құрылымдарда да басшылық қызметтерді атқара алады.    

Байланыстар

Қалтаев Айдархан Жусупбекович

Директор

МСК 27

+7-727-257-7036

7036 (вн.)

Сыздыкбеков Нуртай Турсынович

Директордың орынбасары

МСК 20

+7-727-257-7046

7046 (вн.)

Нугман Ерик Зейнелович

Директордың орынбасары

МСК 20

+7-727-257-7046

7046 (вн.)

Бейсембиева Балауса Турсыновна

Қабылдау

МСК 27

+7-727-257-7136

7136 (вн.)

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.