«Сәтбаев Университеті & ArcelorMittal Gas Production» бірлескен кәсіпорны

Arserol

Сәтбаев Университеті және «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір шахталарынан метан іздеу мен өндіру жөніндегі бірлескен инвестициялық кәсіпорны жобасы.

Бұл жоба мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасын «жасыл экономикаға» айналдыру және Қарағанды облысындағы көмір шахталарынан метан іздеу мен өндіру жөніндегі жаңа энергетикалық секторды дамыту туралы тапсырысына сәйкес жүзеге асып келеді.

Бұл бірлескен кәсіпорын инвестициялар мен алдыңғы қатарлы технологияларды тарту мақсатында, сондай-ақ Қарағанды көмір бассейнінен метан іздеу мен оны өндіру жөніндегі жобаны іске асыру барысында кездесетін кедергілерді азайту мақсатында құрылған.

Кәсіпорын қызметі Қарағанды көмір бассейніндегі метан мәселесін шешуге бағытталған, өйткені көмір өндіру тарихында күні бүгінге дейін метан шахтерлардың өміріне қауіп төндірумен қатар, қоршаған ортаға да талай жылдар бойы зиян келтіріп келеді. Ал кәсіпорын метан мәселесін шешіп қана қоймай, оны өндіруді табыс көзіне айналдыруды және одан жоғары сапалы өнім өндіріп алуды жоспарлап отыр.

Көмірлі метан газы көмір қабатынан өндірілген кәдімгі табиғи газ секілді болады. Соңғы онжылдық ішінде Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Канадада, Автралия мен басқа да елдерде метан ең маңызды энергия көзіне айналып отыр. Оның жылдық өнімі 58 млрд куб метрден астам.

Бұл газ электростанцияларда электр көзін өндіру үшін, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қажетті автокөліктерді дизельді отыннан газбен жүретін моторларға ауыстыру үшін қолданылады. Мұндай әдіс өз кезегінде шығынды азайтады, әрі қоршаған ортаға зиян келтіруді азайтады.

Бүгінгі таңда көмірлі метан өндіру қызметін дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету аясында салықтық артықшылықтар қарастырылған, сондай-ақ 2017 жылы қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы жаңа кодекске сәйкес, көмірлі метан газы пайдалы қазбалар қатарына қосылып отыр.

Халықаралық эксперттердің жобалауынша, Қарағанды көмір бассейнінде 1500 метр тереңдіктегі метанның ресурстары өте пайдалы әрі маңызды болады деп күтілуде.

Ал көмір өндіру жөнінен дүние жүзіне әйгілі гигант компания мен ұлттық техникалық ғылыми-зерттеу университеті арасында бірлескен бизнес орнату тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды шаралардың бірі болмақ.

Satbayev University
Satbayev University

Бірлескен кәсіпорынның негізгі міндеттері

Жобаны іске асыру барысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен келісім-шарт жасалған территориялардың көмір қабаттарындағы метан қорына геологиялық барлау жүргізу жұмысына және шахталардағы метанды өндіру үдерісіне ең басты назар аударылатын болады.

Метан өндірумен қатар кәсіпорын Қарағанды өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асырумен де, өндірістік қауіпсіздікті арттырумен, ақпараттық технологиялармен және кадрларды даярлау ісімен де шұғылданады.

Компания басшылығы:

Акционерлер өкілдері:

  • Ескендір Бейсембетов – Сәтбаев Университетінің Ректоры;
  • Парамжит Колон – «АрселорМиттал ТМД» компаниясының Бас директоры.

Бақылау кеңесі:

  • Бақытжан Бармағамбетов – Кеңес төрағасы, Сәтбаев Университетінің Корпоративтік даму жөніндегі Проректоры;
  • Шыңғыс Черниязданов – Сәтбаев Университетінің Инновациялық даму жөніндегі Басқарма директоры;
  • Ерлан Толысбаев – «НТЦ «Парасат» АҚ-ы Басқармасының төрағасы;
  • Йер Рамеш – «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ы өндіріс жөніндегі директорының орынбасары;
  • Гоял Паршант – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы Көмір демартаменті/Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары;
  • Степан Шахно – ArcelorMittal Mining UK Ltd (Лондон) компаниясының энергетика және шахталар жөніндегі жетекшісі.

Бас директор: Жанат Хасенов.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.