Университет басшылығы

Beisembetov

Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы

Ректор

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Әр жылдарда Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры, ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Экономикалық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарды.

Mukhtybaev

Мықтыбаев Берік Хамитұлы

Ректор аппаратының жетекшісі

Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің запастағы полковнигі. Көптеген марапаттар иесі атанған – 8 мемлекеттік, 10 – ведомстволық, 3 – құрмет және басқа да медальдармен марапатталған. Ф.Дзержинский атындағы КСРО ҰҚК-нің жоғары мектебін, РФ-ның Андропов атындағы СВР академиясын бітірген. ҚазССР ҰҚК-нің "Ардагер" сыйлығымен және Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің сыйлығымен марапатталған. КСРО ҰҚК, ҚазССР ҰҚК - ҚР ҰҚК-нің әртүрлі бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарған.

 
Sydykov

Сыдыков Ұлықпан Есілханович

Ректор аппараты жетекшісінің орынбасары

Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының және басқа да академиялардың академигі, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері, Сәтбаев Университетінің ардагері. Ол Қазақстанда техникалық білім жүйесін жаңартушы ретінде кеңінен таныс. Қазақ эстрадасының аңызына айналған әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі. «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы, 350-ден астам ғылыми еңбектің авторы. «КСРО білім беру саласының үздігі», «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері», «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгілермен, «Сауап» медалімен және А. Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталған.

Barmagambetov

Бармағамбетов Бақытжан Зиуадинұлы

Корпоративтік даму жөніндегі проректор

Экономист, іскерлік әкімшілік докторы. Әр жылдары әртүрлі қызметтер атқарды: Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Аймақтық индустриялық саясат департаментінің директоры, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазақОйлЕмбі» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, «Халық банктің» Челябинск қаласындағы еншілес банкінің басқарма төрағасы қызметін атқарып, республикада бірнеше банк басшылығының құрамына енді. «Астанаға – 10 жыл» және «KAZENERGY» медальдарымен марапатталған.

 
Kenzhealiev

Кенжалиев Бағдәулет Кенжалиұлы

Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, Металлургия және байыту институтының Бас директоры

Химия саласындағы техника ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мен «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Ғылым мен техника саласында Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және ҚСРО ХШЖК-нің қос бірдей қола медалінің иегері. Әр жылдары әртүрлі қызметтер атқарды: Қазақ-Британ техникалық университетінің инновациялық қызмет жөніндегі вице-президенті, «ЦНЗМО» АҚ-ның президенті қызметінде болды. Қазіргі таңда мұнай-газ саласындағы ақпараттық технологиялар жөніндегі бағдарламаларға басшылық жасайды. Халықаралық ғылыми үрдістерге белсене қатысады, көптеген халықаралық ғылыми жобалардың координаторы, халықаралық эксперт дәрежесі бар. 450-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 72 өнертабыс пен 7 монографияның авторы.

Iskakov

Искаков Ринат Маратұлы

Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор

Химия ғылымдарының докторы, доцент. Әр жылдары әртүрлі қызметтер атқарды: Қазақ-Британ техникалық университетінің Халықаралық департаменті директоры, ҚБТУ-дың Химиялық инженерия ғылыми-білім беру орталығының директоры. Жоба менеджері, Project Management Institute мүшесі, 180 жарияланым, оның ішінде 8 монография мен кітаптың авторы.

Naurizbaeva

Наурызбаева Ділда Кенжехановна

Ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі проректор

Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі, Франциядағы Жоғары техникалық мектепте (Ecole des Mines de Nantes) «Total b.v.» компаниясының гранты бойынша оқыды, "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша PhD докторы. Бұған дейін ҚБТУ-дың инновациялық білім беру қызметінің басшысы және Сандық технологиялар академиясының директоры, Сәтбаев Университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының директоры болды. Сәтбаев Университетінде Атом өнеркәсібінің халықаралық білім беру орталығын құру жұмыстарын басқарды.

Cherniyazdanov

Черниязданов Шыңғыс Асқарұлы

Инновациялық қызмет жөніндегі басқарушы директор

«Satbayev University & ArcelorMittal Gas Production» бірлескен кәсіпорны Бақылау кеңесінің мүшесі. Инженер-механик, Сәтбаев Университетінің «Магистральды мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларының құрылысын жобалау, оларды орнату мен қолдану» мамандығы бойынша түлегі, экономика және бизнес магистрі. Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі заңдылықтарды, магистральды құбырлар мен газ және газбен қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану туралы заңдылықтарды, салық және кедендік кодекстерді шығару, сондай-ақ ҚР-сын «жасыл экономикаға» айналдыру жұмыстарына қатысты. Қарағанды облысы шахталарынан метан іздеу мен оны өндіру жөнінде Сәтбаев Университеті мен ArcelorMittal Temirtau компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құру жұмыстарын басқарды. Сонымен қатар кен орындарын өңдеу және анализ жасау жөніндегі шетелдік Baker Hughes, General Electric Company корпорацияларымен бірлескен Халықаралық орталықты басқарды. CNPC, Қазақ мұнай және газ институты, «ҚазТрансГаз», «ҚазМұнайГаз» секілді ірі-ірі компанияларда қызмет етіп, ҚР территориясында Autodesk, Bentley Systems компанияларының жүйесін тарату жұмыстарын басқарды. Магистральды газ құбырларын жобалау, мұнай және газ кен орындары мен газотурбиндық қондырғыларды орнықтыру саласындағы автоматтандырылған инженерлік анализ жүйесі бойынша Халықаралық сертификат иегері (АҚШ, Ресей және Швейцария).

Kim

Ким Владислав Олегович

Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор

Әдістемеші-аналитик. Бизнес-үрдістер мен кәсіпорын операцияларында аналитикалық модель жұмыстарын және жасанды интеллекті қолдану қағидаттарының авторы. Кәсіпорын үрдісінде кең көлемді массивтерді қолдану және кәсіпорынды басқарушының ролін жасанды интеллектіні қолдану арқылы толығымен автономдық үрдіске ауыстыру жөніндегі ғылыми еңбектердің 7 авторлық куәлігінің иегері. Оның ғылыми өндірулері ҚР мен РФ территориясында жасанды интеллект пен bigdata саласы бойынша 10 млн АҚШ долларынан астам сомадағы жобалар арқылы іске қосылған. Өндірістік масштабтағы 50-ден астам жоба іске қосылған. Атап айтқанда, «Газпром мұнай» АҚ-на арналған тиімді басқару орталығы, сандық ұқсастық және қағазсыз өндіріс жүргізу, күнтізбелік жоспарлама жасау, керосин жеткізу тізбегін басқару, «Бәйтерек девелопмент» АҚ-да «Нұрлы Жер» құрылысы жұмыстарын басқару жөніндегі бағдарлама, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-да өндірісті басқару және материалдық шығындарға есеп жүргізу жөніндегі бағдарлама, зауыттан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на жанар-жағармай жеткізу тізбегін басқару жөніндегі бағдарлама. Ол Европа бойынша екінші орынға ие болған «Смарт Алматы» жобасын басқарды. В. Кимнің тәжірибелері бизнесті басқару жөніндегі ірі-ірі интеллектуалдық орталықтарды құруға қолданылады, бұл өз кезегінде BI орталықтары мен жағдаяттық орталықтардың жұмыстарын толығымен алмастырады. Владислав Ким ҚР мен РФ-да өнеркәсіп орындарының күрделі үрдістеріндегі кең көлемді мәліметтерге анализ жасау саласы бойынша және жасанды интеллект алгаритмін құрастыру бойынша кеңесші ретінде үнемі еңбекке тартылып, белсенді қызмет атқарады.

Abisheva

Әбішева Зинеш Садырқызы

Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының директоры

Техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Металлургия, түсті және сирек кездесетін металдарды зерттеу, минералды және техногенді шикізатты кешенді түрде өңдеу саласында белгілі ғалым. «Hydrometallurgy» («Elsevier» баспасы), «Түсті металдар» (Ресей), «ҚР ҰҒА Хабарлары. «Геология және техникалық ғылымдар» сериясы», «РҒА Кольск ғылыми орталығының хабаршысы (Ресей), «Қазақстан тау-кен журналы» атты журналдардың редколлегия мүшесі. Европалық қауымдастықтың «INCO-Copernicus» және «INTAS» бағдарламалары бойынша эксперт, 618 жарияланымның авторы, оның ішінде 84 авторлық куәлік пен патент бар, олардың 7-і өндіріске енгізілген. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» атты мерекелік медальдармен, ҚР Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен және «Химияны, платиналы металдар технологиясы мен оны зерттеуді дамытуға қосқан үлесі үшін» И. И. Черняев атындағы естелік медальмен, металлургия саласында ең көп сілтеме жасалатын қазақстандық автор ретінде көптеген сыйлықтармен марапатталған. Өнертапқыштардың «Шапағат-2011» атты VIII Республикалық байқауының «Үздік өнертапқыш» номинациясы бойынша жеңімпазы. Ғылым мен техниканы дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін ғалымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. Жаратылыстану саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін академик Қ. И. Сәтбаев атындағы сыйлыққа ие болған.

Tuyebakova

Түйебахова Зоя Қайымқызы

Химия және биологиялық технология институтының директоры

PhD докторы, профессор. Д. И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтын қызыл дипломмен бітірген. Бірнеше жыл қатарынан ҚБТУ-да Академиялық және халықаралық бағдарламалар жөніндегі проректор қызметін атқара жүріп, IMAREST (Ұлыбритания) тарапынан жүретін химиялық инженерлік бағдарламалардың халықаралық аккредитациясынан Қазақстан бойынша бірінші адам болып өтті, сондай-ақ ҚБТУ-дың Халықаралық экономика мектебін Лондон университеті (Ұлыбритания) жанындағы аффилирленген орталыққа танытты. «Қазақстандық теңіз академиясы» жобасының – бүгінгі күнде ҚБТУ ҚТА факультетінің координаторы болды. Шетелдерде ғылыми-педагогикалық қызметпен шұғылданып, мол тәжірибе жинақтаған. Yeditepe University (Istanbul) профессоры. «Химиялық және биохимиялық инженерия» мен «Foundation School» бағдарламаларының авторы. Төрт шетел тілінде еркін сөйлейді. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» атты мерекелік медальмен және Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 
Омарбеков Бекнур

Сыздықов Асқар Хамзаұлы

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры

PhD докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, инженер-мұнайшы, БҰҰ Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. «Мұнай және газ» журналының редколлегия мүшесі. 40-тан астам ғылыми еңбектер мен жаңалықтардың авторы. Алмазды бұрғылау қаптамасына арналған ғылыми еңбегі үшін ғалым сонау КСРО заманында авторлық куәлік алып, АҚШ, Швеция, Канада, Жапония, ГДР мен ГФР елдерінің патенттеріне ие болған. Оның бұл жаңалығы Кабардин-Балкар алмазды құрал-сайман зауытында біртіндеп өндіріске енгізілген болатын. А.Сыздықов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ғылыми және өндірістік құрылымдарында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды («ҚазТрансГаз» АҚ, «АмангелдіГаз» ЖШС, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ЖШС). «ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы» және «ҚР Мұнай-газ саласының құрметті қызметкері» атақтарының иегері.

Umarov

Омаров Тимур Фаридович

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының директоры

Computer Science мамандығы бойынша Лондондағы (Ұлыбритания) King's College London Университетінің PhD докторы. 2004–2018 жылдары Қазақ-Британ техникалық университетінде қызмет атқарып, ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары қызметінен бастап, Академиялық және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректор лауазымына дейін көтерілді. 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқара жүріп, 2011 жылы факультет мамандықтары ABET халықаралық бағдарламалық аккредитациясын алуына, ал 2016 жылы – оны қайтадан тағы да алуға дайындады. Қайтадан алынған аккредитация ешқандай ескертусіз, 2023 жылға дейін қолданылады. Тимур Омаров 2016 жылы университеттің оқу үдерісі мен ақпараттық инфрақұрылымын қадағалайтын проректор лауазымына тағайындалды. ABET агенттігінің Computer Science, Information Systems және Information Technology бағыттары бойынша эксперті, ҚР Тұңғыш Президенті қорының және ҚР БҒМ гранттарының иегері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады, оның нәтижелері әр жылдары өткен FECS, BMSD, SERP, IWRA, EDOC, ITNG конференцияларда талқыланған. 20-дан астам ғылыми еңбектері халықаралық жарияланымдарда, атап айтқанда, Asian Journal of Control, Scientific Annals of Computer Science, Springer-Verlag баспасында және т.б. халықаралық конференциялар жинақтарында жарияланған. Ол белгілі техникалық және инженерлік ассоциациялар мен CSAB, ACM және IEEE (АҚШ) қауымдастығының белсенді мүшесі.

 
Kaltayev

Омарбеков Бекнұр Оразғалиұлы

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының директоры

Инженер, PhD докторы, Сәтбаев университетінің түлегі. Лакуила университетінің (Италия) докторантурасын Ерасмус Мундус Таргет бағдарламасы арқылы «Өнеркәсіптік және ақпараттық инженерия мен экономика» мамандығы бойынша бітірген. МІТ және Мюнхен университетінде тағылымдамадан өткен. Қазақстан даму институтындағы «Индустрия 4.0» құзірет орталығын басқарып, мемлекеттік «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысты және экономикаға сандық технология енгізу жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ америкалық «Granite Services Int Inc.» және «General electric (GE)» компанияларының жобаларына, оның ішінде Қарашығанақ кен орны бойынша жобаларға қатысты. National Instruments академиясы кәсіби дипломының иегері. ҚР Президенті әкімшілігінің «Ең үздік шетелдік докторант» атты атағына ие болған.

Kuspangaliyev

Құспанғалиев Болат Урайханұлы

Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры

Архитектура докторы, профессор, Шығыс елдері архитектурасы Халықаралық академиясының академигі (МААСВ), Халықаралық архитектура академиясының академигі (МААМ), ҚР-ның Құрметті сәулетшісі, «Алтын Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты, Халықаралық архитектура академиясы Қазақстандық бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі. Бұрындары Алматы Сәулет және құрылыс институтының проректоры болды. Осы лауазымды құрметпен атқарған жылдары сәулетші-профессор Қазақстан жоғары мектебін таңдаулы ұйымдастырушыларының біріне айналды, оның ерен еңбегін ҚР Білім және ғылым министрлігі аса жоғары бағалап, талай рет алғыс хаттармен, грамота және медальдармен марапаттады. Профессордың басшылығымен және тікелей қатысуымен 30-дан астам құрылыс нысандары мен тұрғын үй кешендерінің жобалары жасалып, құрылыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Хайвилл Астана» («Highvill Astana») тұрғын үй кешені, «Алмалы Қала» («Apple Town») тұрғын үй кешені және т. б. Бұл құрылыс нысандары үшін ҚР Сәулетшілер одағының алтын медалімен марапатталды. Болат Құспанғалиев ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық қызметі үшін бірнеше рет үкіметтік, ведомстволық және қоғамдық марапаттарға ие болды: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен; «Қазақстан архитектурасына және жоғары мектебін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Жыл адамы атанып, «Алтын Адам» Ұлттық сыйлығымен; «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. «Балама энергия көздері негізінде энергиялық тиімді технологияларды өндіру» жөніндегі ғылыми жобалардың жетекшісі.

Salikova

Салықова Лейла Нұртілеуқызы

Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының директоры

Экономика ғылымдарының кандидаты, PhD. ҚБТУ-да кафедра меңгерушісі, КИМЭП-те білім орталығының (Executive Education Center) директоры қызметтерін атқарған. Гумбольд университетінің (Германия) Азия және Африка елдерін зерттеу институтында зерттеу жұмыстарымен айналысқан, Гарвард университетінің (АҚШ) экономика кафедрасында тағылымдамадан өткен. «ЖОО Үздік оқытушысы-2007» құрметті атағының, ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. АҚШ мемлекеттік департаменті қолдауымен көрсетілетін білім беру гранты мен оқуға көрсетілетін қаржылық қолдауды бес рет жеңіп алған. Макроэкономика және халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Darbekov

Дарбеков Болат Керімжанұлы

Әскери іс институтының бастығы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, кеңестік және қазақстандық армияның 20 шақты медальдарымен марапатталған. Әр жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің шұғыл жоспарлау департаменті бастығы – Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, ҚР қорғаныс министрінің – Штаб бастықтары комитеті төрағасының, ҚР Қарулы Күштері «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерлері басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Sarenova

Саренова Айгүл Сапарбекқызы

А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының директоры

Қостанай мемлекеттік университеті шетел тілдері факультетінің түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты. 15-тен астам ғылыми мақалалар мен әдістемелік өңдеулердің авторы, CELTA, CAM секілді халықаралық сертификаттардың, сондай-ақ Cambridge және HUFS университеттері сертификаттарының иегері. Еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында қызмет атқарған, жоғары білім беру саласында 19 жылдан астам еңбек еткен, ағылшын тілі ассистентінен кафедра меңгерушісіне дейінгі қызметтерді атқарып, мол педагогикалық тәжірибе жинақтаған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.