1 қараша 2018 7852

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының байқауы

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының байқауы

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлерге  халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 гранттық орынға байқау  жариялайды.

Бағдарламаның мақсаты – ең алдымен алдағы уақытта ұзақ мерзімді ғылыми қызметпен айналысқысы келетін және жеке әлеуетке ие талантты қазақстандық студенттерді іздеу, іріктеу және қолдау арқылы еліміздің жас ғалымдарының ғылыми көзқарасын кеңейту.

Жазғы тағылымдама бағдарламасы кешенді болып табылады, әрі тек тегін жол жүру грантын беруден ғана емес, сондай-ақ тағылымдамаға қажетті дайындықтан өтуге, тиісті бағытты таңдауға көмектеседі.

2014–2018 жылғы оқу жылдарында аталмыш конкурстың жеңімпаздары, қазақстандық ЖОО-лардың ең үздік 49 студенттері MIT, Harvard Medical School, Boston University, ETH Zurich, California Institute of Technology, Princeton University, Lawrence Berkeley National Laboratory және т.б. зертханаларда тәжірибеден өтті.

Тағылымдаманың нәтижесінде 12 адам MIT, Stanford University, Boston University, Tokyo Institute of Technology, Purdue University, KAUST, The University of Texas at Austin сияқты жоғары оқу орындарында магистратура/докторантурада оқуға грант алды.

Қатысушылар туралы толығырақ ақпарат алу үшін yessenovfoundation.org сайтында табысты оқиғалар бөлімін қараңыз.

Бағдарламаға өтінімдер 2018 жылдың 5 қарашасынан 9 желтоқсанына дейін қабылданады.

Осы бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты мына сайттан таба аласыз: http://yessenovfoundation.org/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/programma-nauchnyih-stazhirovok-v-laboratoriyah-mira-2019/

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту