8 қазан 2018 10616

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

2018 жылы 5 қазан күні Сәтбаев университеті Әскери институтының түлектеріне әскери шен беру рәсімі салтанатты түрде өтіп, түлектерге алғаш рет запастағы лейтенант шені тапсырылды. Салтанатты жиынға Ректор аппаратының басшысы Берік Мықтыбаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ринат Искаков, Алматы қаласы қорғаныс департаменті бастығының орынбасары майор Р. А. Рахымжанов, Бостандық ауданы қорғаныс істері мобильдендіру бөлімінің бастығы аға лейтенант А. Т. Асамов қатысты.

Ринат Искаков:

– Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің Бұйрығына сәйкес, Әскери кафедраның толық курсын тәмамдаған студенттерге әскери шен тапсырылады. Бұрындары мұндай шен студенттер университетті бітіріп, диплом жұмысын қорғағаннан кейін ғана берілетін еді. Биыл жаңадан шыққан Ережеге сәйкес, студенттер Әскери кафедраның толық курсын аяқтағаннан кейін оларға запастағы офицер шені бірден тапсырылатын болды. Әрине, алғаш рет иықтарына әскери погон таққан күндері офицерлердің есінде мәңгі сақталады. Ендігі тілек – елімізде бейбітшілік болып, әскерлеріміз әрқашан тек ел тыныштығын ғана қорғасын!

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектері толық әскери курсты бітіргеннен кейін емтихан тапсырып, қорытынды дайындықтан өтті, содан кейін ғана оқытушылары оларға өз қолдарымен әскери шен тапсырды. Салтанатты жиынға сонымен қатар әскери дайындық істерінің ардагерлері, ата-аналар да қатысып, әскери оркестр ойнаған көңілді музыка жиынға шабыт сыйлады. Қуанышқа бөленген жұрт бір-бірін құттықтап, тілектерін жаудырды.  

Запастағы полковник Бойков Александр Владимирович:

– Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдарда запастағы офицерлерге жоғары оқу орнын бітірмей жатып әскери шен тапсыру рәсімі алғаш рет өтуде. Түлектердің арасында Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің қатарында әскери дайындықтан өтіп келген азаматтар некен-саяқ. Олардың көпшілігі Әскери кафедрада дайындықтан өткен түлектер. Олар – қатардағы жауынгер де, сержант та, ефрейтор да емес, бұған дейін оларда ешқандай әскери шен болған жоқ.  Сондықтан да бірден запастағы офицер атанулары – ерекше жағдай, өйткені офицерлер – біздің армиямыздың бетке ұстар мақтанышы. Бұдан кейін олар қарулы күштер қатарында офицер ретінде қызмет ете алады.

Сәтбаев университетінің ұжымы Әскери кафедра түлектерін қуаныштарымен құттықтап, зор денсаулық пен аманшылық және Қазақстан Республикасының одан сайын гүлденуі жолындағы еңбектеріне сәттілік тілейді!

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Әскери институт түлектеріне әскери шен берілді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту