5 қазан 2018 8442

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдау – кез келген жоғары оқу орнының дәстүрлі рәсімі. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарға бір-бірімен жақынырақ танысуға, студенттік өмірдің қыр-сырын үйренуге мүмкіндік беретін жиын. Ал Сәтбаев Университетінің бір ерекшелігі – мұнда жыл сайын дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімімен қатар, ашық аспан астында бірінші курстарға арналып тимбилдинг өтеді. Оны Базалық білім беру институты ұйымдастырып өткізеді.

Студенттік өмірдің алғашқы кезеңінде үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жастар көптеген қиыншылықтар мен түсінбеушіліктерге, кедергілерге тап болатыны белгілі. Тимбилдинг міне осы кедергілерді жойып, қиыншылықтардың алдын алуға арналған. Әсем табиғат аясында студенттер мен оқытушылар бір-бірімен етене танысып-білісуге мүмкіндік алады. Ең бастысы – мұндай іс-шаралар әркімнің күш-жігерін тасытып, сенімге сенім қосады.

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Әсем табиғатты тамашалау  үшін Есік өзені таңдап алынуы ерекше бір дәстүрдің нышаны.  Бұл өзенді қазақ халқы ежелден осылай атайды. Өйткені тауды кесіп өтіп,  тікелей Ыстық көлге апаратын тура жол осы Есік өзенінің шатқалы арқылы өтеді (яғни «есік ашылады» деген мағынада). Міне, сол «есікті» бірінші курс студенттері айқара ашып, үлкен өмірге, саналы білімге, асқақ арманға аяқ басты.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасында бұл қасиетті өзеннің Жасыл көл деген тағы да бір атауы бар. Биік тау жотасынан орын алған өзеннің түсі, шынымен де, жап-жасыл. Ал кейіннен көшіп келген орыс ағайындар оны «Иссык» деп атап кетіпті, сөйтіп қазақтың «ыстық» деген сөзімен іспеттес атау пайда болған (яғни, «ыстық бұлақ» деген мағынада). Өзен суын ыстық деп айтуға болмаса да, алайда ол ешқашан қатпайды, қыстың қатты суығында ол + 90 С ұстап тұрады.

Есік өзені Алматы қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан, сондықтан оған автобуспен баруға тура келді. Былтырғыға қарағанда, биыл 150 адамға көбірек болды. Жолшыбай автобус ішінде студенттер әртүрлі ойындар ойнап, ән салып, көңіл көтерді.

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Ал сол күнгі ауа райы да өз қуанышын бойына сыйғыза алмағандай, жарқыратып нұрын төге түсті. Тамылжыған табиғат аясында командалық жарыстар, флэшмоб өткізуге, ойын ойнап, би билеуге күздің осындай тамаша күні өз шуағын аяған жоқ. Ал жеңімпаздарға берілген естелік сый-сыяпат пен дипломдар қуанышқа қуаныш қосып, ортаны одан сайын әсерлендіре түсті. Аталмыш іс-шараның басы-қасында болып, жастарға демеушілік жасаған –  «Lirumax» компаниясының «Тассай» сауда белгісі екенін атап өту керек.

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Іс-шараға қатысқан қауымның көңілді күйіне қарап, тимбилдинг жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға сенім мол. Жұрттың бәрі таза ауада сайран салып, тамаша деп алып, алдағы оқу жылына таусылмас күш-жігер жинап қайтты. Ең бастысы – жастар бір-бірімен тіл табысып, жақындасып, достасып қайтты.

Ендеше алдағы оқу жылына сәттілік тілейміз! Сәтбаев Университетіне қош келдіңіздер!    

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Бірінші курстардың Есік өзеніне саяхаты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту