7 қараша 2018 6101

Э.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының студенттері ҚР БҒМ-нің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды

Э.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының студенттері ҚР БҒМ-нің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды

Э.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының 5В050900-Қаржы мамандығының қазақ тобының студенттері Марат Мадина және Әбілда Ақерке «ҚР банк секторының қаржылық тұрақтылығын факторлық талдау моделі және қаржылық тұрақтылықты арттыру жолдары» тақырыбындағы жұмысымен 2018 жылғы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық байқаудан «Қаржы» мамандығы бойынша жеңімпаз атанып, ҚР БҒМ ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Жұмыстың ғылыми жетекшісі э.ғ.к., «Бизнес және менеджмент» кафедрасы профессорының ассистенті Сакибаева Құралай  Сәрсембайқызы.

Студенттерге арналған ғылыми, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық мамандықтар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық байқауын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі республиканың жоғары оқу орындарының базасында өткізеді.

 «Қаржы» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауын Нархоз университеті ұйымдастырып,  өткізді.

«Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Статистика», «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» мамандықтары бойынша СҒЗЖ республикалық байқауының II кезеңінде университет ішінде I кезеңде 1-орын иеленген командалар қатысты. Байқауда 30-дан астам ҚР ЖОО-нан түскен 200-ден астам ғылыми еңбектер үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде) қарастырылған болатын.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту