15 қазан 2018 5897

Энергия тиімділігі саласын дамытуға арналған конференция

Энергия тиімділігі саласын дамытуға арналған конференция

Энергетика саласында қазақ-неміс қатынастарын дамыту мақсатында Сәтбаев университетінің  Т.К. Басенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институты «Энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақ-неміс ынтымақтастығы: тәжірибелері және болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді. Конференция 2018 жылдың 20–21 қарашасында Тау-кен металлургиялық институты ғимаратының (ТМК) Акт залында өтеді.

Конференцияның бірінші күнінде Дрезден және Кассель неміс университеттері өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстанның жетекші өндірістік кәсіпорындары (KEGOC, АЖК, АлЭС, Schneider Electric, ҚПО және т.б.) өкілдерінің, Германияның Қазақстандағы бас консулының, ҚР Энергетика министрлігінің, Қазақстан ПРООН өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыстар өтеді. Екінші күні Қазақстан және Германия ЖОО-ң оқытушылары, докторанттары мен магистранттарының қатысуымен секциялық отырыстар өтеді.

Конференцияның демеушілері: Конрад Аденауэр қоры, Қазақ-неміс университетінің ЮНЕСКО кафедрасы.

Конференцияға қатысу үшін өтініштер 2018 жылдың 10 қарашасына дейін мына электрондық пошта арқылы  su.conference_2018@mail.ru қабылданады.

Қатысу туралы өтініш

 

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту