24 мамыр 2018 16442

Қашықтықтан оқып, екінші жоғары білім алу. Пайдасы қандай?

Қашықтықтан оқып, екінші жоғары білім алу. Пайдасы қандай?

Түлектерді жан-жақты білікті де білімді етіп даярлау үшін, қазіргі заманғы білім беру жүйесінің іргелі ғылыми базасы жеткілікті, әрі мол. Десе де, жер жүзін жайлап алған ақпараттық және ғаламдану дәуірі қазіргі білім жүйесін жаңартуды, оны жетілдіріп, көптеген жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Міне, оқу орнынан тыс, яғни қашықтықтан екінші жоғары білім беру әдісі жоғарыда аталған жаңаша оқу жүйесін толық қамтиды.

Зерттеушілердің ойынша, қашықтықтан білім алу әдісіне деген көзқарас қашан да әртүрлі. Алайда оның халық арасында барынша қолдау тауып келе жатқанына, көпшілік жұрт оған өте қырағылықпен, әрі сенімсіздікпен қарайтынына қарамастан, оның пайдалы да ыңғайлы жақтары көп екені байқалады. 

«Қашықтықтан оқып, екінші жоғары білім алу арзанға түседі. Бұл – бір пайдалы жағы. Екінші пайдасы – жұмыстан қол үзбей жүріп білім алу. Бұл ерекшелігі әсіресе қызметтік мансап-дәрежесін өсіргісі келетін, оқу жоспарын уақытында орындап, қызмет бабында алдына қойған мақсаттарын, жоспарларын орындап жүретін мамандарға өте ыңғайлы. Қандай басшы болмасын, ол алдымен қарамағындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен еңбек тәжірибесіне көбірек көңіл бөлетіні белгілі. Сонымен қатар сіздің негізгі мамандығыңызға жақын, әрі ұқсас бірнеше мамандықтар бар, сол мамандықтар бойынша да оқып, екінші жоғары білім алу мүмкіндігі сізге  жан-жақты ұқсас мамандықты игеруге және кәсіби біліктілігіңізді арттыруға септігін тигізеді», – деп түсіндіреді зерттеушілер.

Қашықтықтан білім алу әдісінде студент пен оқытушының бетпе-бет байланысы болмайтынын, сондықтан да оқытушы студентке дер кезінде қажетті көмек бере алмайды деген ұстанымды көптеген күмәншіл адамдар алға тартады. «Егер де студент екінші емес, бірінші негізгі жоғары білімді қашықтықтан алатын болса, мұндай ұстанымды алға тартуға болар еді. Өйткені ол мектепті енді ғана бітіріп, өмірден әлі өз жолын таба қоймаған жас жеткіншек, – дейді зерттеуші. – Ал енді жақсы қызметке тұрып, өз мамандығын бүге-шүгесіне  дейін игеріп, біліктілігін арттыруға, өз қызметтік мансабын өсіруге талпынған адамдар ғана екінші жоғары білім алуға ұмтылатынын ескеретін болсақ, ол адам үшін мұндай оқу әдісі еш қиындық туғызбайды. Оның үстіне оқытушымен тікелей байланыс жоқ емес, бар – дәріс алу вебинар режимінде өтеді ғой. Яғни, оқытушы мен студент бір-бірімен тікелей байланысқа шығады, сол кезде керекті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алуға мүмкіндік бар. Ал енді тікелей байланысқа шыға алмаған студент оқытушының дәрістерін таспаға жазылған күйінде кез келген ыңғайлы уақытта тыңдай алады. Қоятын сұрақтарын электрондық пошта арқылы немесе хабарлама таратушы менеджер арқылы да жіберуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ талапкерлерде университеттің білім беру ресурстары мен кітапханасын кез келген уақытта тегін қолдануға мүмкіндік бар», – дейді зерттеуші.

Оның түсіндіруінше, қашықтықтан білім алу – адамның ең жауапты, әрі саналы түрде қабылдаған шешімі.

«Қашықтықтан білім беру бағдарламасы – маманның кәсіби біліктілігін арттыру үшін және екінші жоғары білім алу үшін ең қолайлы әдіс. Ал енді оқу материалдарын толық меңгеру үшін, ең бастысы – оқытушы берген тапсырмалар мен жоспарларға жауапкершілікпен қарап, өз бетінше дайындалуға тырысу керек», – деп түйіндейді зерттеуші.

Сонымен, екінші жоғары білімді қашықтықтан қалайша алуға болады? Бұл орайда Сәтбаев Университеті 44 техникалық мамандық – сәулетші мен дизайнерден бастап, металлургия мен тау-кен ісі мамандығына дейін ұсынып отырған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Осы мамандықтардың кез келгенін қашықтықтан оқу арқылы меңгеруге болады. Ол үшін талапкерде міндетті түрде жоғары білімі туралы диплом болуы шарт. Студенттер емтихан тапсырмайды. Ал оқу мерзімі қазір мамандық меңгеру бағдарламасына сәйкес айтарлықтай қысқартылған.  

Жоғары оқу орнынан кейін білім беру департаменті: + 7 (777) 398 18 57, secedu@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту