7 қараша 2018 5189

Қайырымдылық апталығы: All styles Dance Battle

Қайырымдылық апталығы: All styles Dance Battle

Аптаның ортасы, яғни бейсенбі күні Қайырымдылық апталығы өзінің нағыз қызған шағына жетті: Алматының сол күнгі жауын-шашынды ауа райы да, түскен күзгі қар да қызған би мерекесіне – Dance Battle – еш кедергі бола алмады. Осы би мерекесін ұйымдастырушы SAE ұйымы мен оның демеушісі болған Funky Town би мектебінің ұжымы студенттерге би байқауына қатысуға ғана емес, сонымен қатар Funky Town Dance Center би мектебіне абонемент ұтып алуға да тамаша мүмкіндік сыйлады.

Dance Battle қайырымдылық кеші ретінде Қайырымдылық апталығының аясында өткізілді. Сол күні күндізгі сағат 13.00-ден бастап бас оқу ғимаратында жүрген жұрттың бәрі сазды музыка мен тамаша би мерекесінің куәсі болды. Ал одан түскен барлық табыс жалпы жиналған қаржыға қосылады.

Вattle сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жекпе-жек» деген мағынаны береді. Яғни, денені музыканың әуеніне қарай қимылдатып, би шеберлігі бойынша жарысу деген сөз. Мұндайда тек жақсы билеп қана қоймай, көрермендерді көңілдетіп, ортаны  қыздыра түсу керек. Әрі қарсыласыңнан асып түсуге тырысу керек. Сонда би көрермендерге ерекше бір құдіретті күш сыйлап, ғажайып әсер қалдырады, жұрт тамаша энергетика жинайды.

Бұл жолы биге 12 адам қатысып, олар әртүрлі жанрда би биледі: break dance, hip-hop, popping, waking… Қатысушылар да, көрермендер де көтеріңкі көңіл-күйде болды. Айғай-шуға ұласқан жекпе-жек бәсекесі де, таңқалдырған қызықты сәттер де, би энергетикасы да тамаша, жоғары деңгейде болды.

Ал аталмыш би байқауынының әділ қазылар алқасы ретінде қатысқан Funky Town Dance Center орталығының өкілдері өздеріне ұнаған бишінің биіне қол соғып, көрермендерге дем беріп отырды. Өнерлі бишілердің ішінен үздігін таңдап алу оларға оңайға соқпады. Десе де  Жандос Жұмашев баттл байқауының жеңімпазы атанып, Funky Town Dance Center би мектебіне абонемент ұтып алды.

Закончилась Неделя добра: All styles Dance Battle

Закончилась Неделя добра: All styles Dance Battle

Закончилась Неделя добра: All styles Dance Battle

Закончилась Неделя добра: All styles Dance Battle

Закончилась Неделя добра: All styles Dance Battle

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту