25 шілде 2018 7307

Химиялық және биологиялық технологиялар институтының докторанты Уфада өткен халықаралық конференцияға қатысты

Химиялық және биологиялық технологиялар институтының докторанты Уфада өткен халықаралық конференцияға қатысты

22-25 мамырда Химиялық және биологиялық технологиялар институтының, органикалық заттар мен полимерлердің химиялық технологиясы кафедрасының докторанты М.Т.Байғазиев Ресейдің Мұнай-газ химиясы Форумы және XXVI Халықаралық мамандандырылған «Газ. Мұнай. Технологиялар-2018» көрмесі аясындағы  «Мұнай және газ компаниялары үшін жаңа геофизикалық технологиялар және технологиялар» XХIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

 «Газ. Мұнай. Технологиялар » көрмесі және Ресей Мұнай-газ химиясы Форумы мұнай-газ-химия кешенінің технологиялары мен жабдықтарын таныстыру бойынша елдің ең ірі экспозицияларының бірі болып табылады. Форумға жыл сайын Ресейдің аймақтарынан және алыс, жақын шет елдерден 300-ден астам компаниялар қатысады, ал көрме Ресейде келушілері ең көп көрмелердің бірі болып табылады (жылына 12 мыңнан астам келуші).

Мейіржан Байғазиев «Мұнай өндіру» секциясында «Белсендірілген алюминий балқымалары арқылы  ұңғыма маңы аймағындағы жер қыртысын асфальтті парафинді шөгінділерден тазартудың тиімділігі»  атты баяндама жасады. Байғазиев М.Т. қосымша мұнай шығарудың едәуір ұлғаюына мүмкіндік беретін  ұңғыма түбі аймағын тазартудың инновациялық термиялық газды химиялық әдісін ұсынды. Ұсынылған техникалық шешім конференцияға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды және конференцияның ұйымдастыру комитетінің оң бағасына ие болды.

Конференция материалдары мұнайгаз ісі және геофизика саласындағы мамандарға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдеріне пайдалы болды. Форумның қорытындысы бойынша конференция материалдары жарияланды, ірі мұнай компанияларына және Ресей Федерациясының Үкіметіне ұсыныстар жасалды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту