1 тамыз 2018 7447

Малайзияның Петронас Технологиялық Университетімен (UTP) ғылыми байланыстарды нығайту

Малайзияның Петронас Технологиялық Университетімен (UTP)  ғылыми байланыстарды нығайту

2018 жылдың шілде айында Сәтбаев Университетінің (SU) Химиялық және биологиялық технологиялар институтының «Органикалық заттардың және полимерлердің химиялық технологиясы» кафедрасының 2 курс докторанты Бекбаева Л.К. Петронас Технологиялық Университетінде, органикалық химия саласындағы жетекші ғалымдардың бірі, профессор Бахруддин Саадтың басшылығымен (h-индексі = 33) екі апталық ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

Петронас Технологиялық Университеті (Petronas) қазіргі заманғы зертханалармен және де барлық университет кампустары заманауи техникалық құралдарымен жабдықталған Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Ол Перак қаласында орналасқан және университеттің негізгі бас демеушісі “Petronas” танымал мұнай компаниясы болып табылады. Профессор Бахруддин Саадтың ғылыми бағыты, иммобилизденген реагенттерді азық-түлік өнімдерін талдауда пайдалану, сондай-ақ жаңа өнімдерді жасау және баламалы құрылыс материалдары ретінде дәстүрлі табиғи қосылыстарды пайдаланумен байланысты. Сол себептен, SU PhD докторантының ерекше қызығушылығының нәтижесінде, проф. Бахруддин Саадтың ғылыми мектебімен тікелей танысуға және өзінің «Мелласаны модификациялау және оны құрылыс материалдарына пайдалану» атты докторлық диссертация тақырыбы бойынша,  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндігі туды.

Меласса, қант өндірісінде қалдық өнім болып табылады және тамақ өнеркәсібінде органикалық қоспа ретінде пайдаланылады. Алайда, оның құрылыс материалдарына қоспа ретінде және ұнтақты құрылыс материалдарының физикалық-механикалық қасиеттерін айтарлықтай өзгертетін қабілетінің бары, бәріне белгілі емес екені анық. Сондықтан, PhD докторант Л.К. Бекбаеваның ұнтақты құрылыс материалдарының қасиеттерінің өзгеруі туралы алған тәжірибелік нәтижелері шетелдік әріптестерге қызығушылық танытқан. Олардан бірлесіп зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар түсті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту