26 маусым 2018 10011

Республикалық «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Республикалық «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Үстіміздегі жылдың 19 маусымында Республикалық «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі тоғызыншы рет өтті. Бұл жолы Сәтбаев университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Нұрпейісова Маржан Байсановна «Жылдың тау-кен-металлургия саласындағы ғалым-педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол университет қабырғасында 56 жылдан астам оқытушы болып қызмет етіп жүрген тәжірибелі ұстаз.

«Алтын Гефест» сыйлығымен марапаттау рәсімі 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі – осы саланың ең басты жылдық шарасы аясында өтіп, бұл сыйлыққа халықаралық дәреже беріліп отыр.

«Жылдың үздік геологы» атағын алуға биыл 20-дан астам жетекші маман үміттенген еді. Ал былтырғы жылы «Шығыстүстіметалл» ЖШС-не қарасты Орлов өндірістік кешенінің бас геолог-маманы Николай Ильич Лысенко «Үздік геолог» атанған еді. Биыл «Жылдың үздік кеншісі» номинациясын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің атқарушы директоры, осы салада 30 жылдан астам еңбек етіп жүрген Аменов Сайран Сұлтанұлы жеңіп алды. Ал инновациялық технологияларды өндіріске сәтті енгізгені үшін «Тау-Кен Алтын» ЖШС-нің бас технологы Айдарханов Арнұр Елеусізұлы «Жыл металлургы» атанды.

«Алтын Гефест» сыйлығымен марапаттау рәсімі жыл сайынғы дәстүрге айналды. Бұған ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен осы іс-шараның басты демеушісі – Евразиялық Топ (ERG) тамаша қолдау көрсетіп отыр.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту