29 қараша 2018 6443

Сәтбаев университеті KASIP FEST білім беру форумына қатысты

Сәтбаев университеті KASIP FEST білім беру форумына қатысты

Аталмыш іс-шара Алматы қалалық білім беру басқармасымен бірлесе ұйымдастырылып, оған қаладағы 7 жетекші жоғары оқу орны, Алматы қаласы мектептерінің 7500-ден астам 11-сынып оқушылары, педагогтар мен мектеп директорлары қатысты. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қалалық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова қатысты.

Бұл жобаның мақсаты – жоғары сынып оқушыларына өз қабілеттерін, бейімділіктерін анықтауға, сол арқылы өмірлік мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеп, көмек беру. Бұл жоба бірнеше кезең бойы іске асырылғанын атап өту керек.

Осы жылғы қыркүйек айында мектептердің 200-ден астам психолог мамандары «ҚР мектептерінде бейінділік жұмыстарын жүргізудің тиімді әдістері мен жаңа технологиялары» атты оқу семинарына қатысқан болатын.

Қазан айында мектептердің 7500-ден астам болашақ түлектері online түрде алдын ала тексерістен өтіп, өздерінің бойындағы жеке қабілеттерін анықтауға, белгілі бір мамандыққа деген қызығушылықтарын танытып, сол мамандықты меңгеруге жол ашу мүмкіндіктерін алған еді.

Сонымен, 24 қараша күні «Алматы Арена» мұз айдыны кешенінде жобаның үшінші кезеңі өз жұмысын жалғастырып, дүркіретіп форум өткізді. Жиынға қатысқан қала университеттерінің өкілдері шоу форматында өздерінің мамандықтарымен таныстырып, қазіргі заманда жоғары сұранысқа ие болып отырған мамандықтар жайлы ақпарат берді. Солардың қатарында Сәтбаев университеті өкілдерінің көрсеткен мамандықпен таныстыру қойылымы сәтті шығып, есте қаларлықтай тамаша әсер қалдырды. Инженерлік мамандықтармен және әртүрлі бағдарламалармен айналысудың қандай болатынын мектеп оқушыларына қарапайым тілде түсіндіру үшін, мұнай өңдеу зауытының жұмыстары мен кен орындарын іздеу жұмыстары ойын түрінде келтіріліп, кәдімгі бір сахналық қойылым ретінде көрсетілді. Форумның соңында қатысушылар жоғары оқу орындарының ЕХРО алаңдарын аралады.

Жобаның соңғы шешуші кезеңі ретінде «KASIP UNIDAYS» жоғары оқу орнын таңдау фестивалі өтеді деп жоспарланып отыр. Ол кезде мектеп түлектері Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарын аралап, олардың инфрақұрылымымен, білім беру бағдарламаларымен танысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту