31 қазан 2018 6357

Сәтбаев университеті студенттерінің Португалияға сапары жайлы

Сәтбаев университеті студенттерінің Португалияға сапары жайлы

2018 жылы 23 қазан күні Сәтбаев университетінің Химиялық және биологиялық технологиялар институтының (ХжБТИ) 3 және 4-курс студенттері Еженова Анеля мен Тарғынова Гүлжайна институттың студенттері және оқытушыларымен кездесіп, олардың назарына презентация ұсынып, «Академиялық ұтқырлық дегеніміз не? Шетелге қалай оқуға баруға болады?» деген сұрақтарға жауап берді.

2017–2018 академиялық оқу жылының көктемгі семестрінде студенттер Erasmus+ бағдарламасы бойынша Авейро қаласына (Португалия) оқуға барып келген болатын. Сәтбаев университетінің Халықаралық байланыс бөлімі ұйымдастырған  байқау екі кезеңнен тұрды. Ағылшын тілін жетік меңгерген және академиялық үлгерімдері жоғары болған студенттер бұл байқаудан сәтті өтті.

Кездесу барысында Анеля мен Гүлжайна шетелдік университетте білім алу тәжірибелері, құжаттарды байқауға рәсімдеу мен тапсыру жолдары туралы айта келіп, Erasmus+ бағдарламасы әртүрлі елдердің студенттерімен, халықаралық білім беру стандарттарымен, Еуропа елдерінің мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретіні жайлы да айтып өтті. Сонымен қатар Еrasmus+ бағдарламасынан басқа да білім беру бағдарламалары бойынша шетелде оқуға болатыны туралы студенттерге түсіндіріп берді.

Студенттер мен оқытушылар презентацияға аса зор қызығушылық танытып, кездесуге қатыса алмаған студенттер мен оқытушылар үшін оны тағы да қайталап өткізуге ұсыныс түсті.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту