7 желтоқсан 2018 6182

Сәтбаев университетінде «Экономиканы цифрландыруға негізделген электротехникалық процесстер» атты олимпиада өтті

Сәтбаев университетінде «Экономиканы цифрландыруға негізделген электротехникалық процесстер» атты олимпиада өтті

Осы жылдың 21–22 қараша аралығында Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Электротехника, телекоммуникациялар мен ғарыштық технологиялар» кафедрасы университеттің студенттері арасында академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың құрылғанына 85 жыл толуына орай «Экономиканы цифрландыруға негізделген электротехникалық процесстер» тақырыбы бойынша олимпиада өткізді.

Олимпиаданы ассистент-профессор А.А.Абдықадыров, сеньор дәріс оқушы Н.Қ.Смайлов және ассистент М.М.Мамадияров ұйымдастырды.      

Олимпиада үш турда өткізілді және оған университеттен 60-тан астам белсенді студент қатысты. Студенттер өздерінің электротехника пәнінен берілген есептерді шешу дағдылары мен нақты стендтерде электротехникалық процестердің электрлік көрсеткіштерін зерттей алатындықтарын көрсетті. Екінші турға 10 студент өтті.

Ал олимпиаданың үшінші турына университеттің 6 студенті өтті. Үшінші турдың шарты бойынша стендтік есептерді шешуде студенттер жоғары білім деңгейін көрсетіп, 1-орынды Диас Уагап, 2-орынды Құндыз Әбдуәли және 3-орынды Мухаммеддан Зайтжанов жеңіп алды.

Олимпиаданың 2- және 3-турына қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту