15 қазан 2018 8407

Сәтбаев университетінің басшылығы «ҚазНИПИмұнайгаз» институты өкілдерімен кездесті

Сәтбаев университетінің басшылығы «ҚазНИПИмұнайгаз» институты өкілдерімен кездесті

Үстіміздегі жылы 12 қазан күні Сәтбаев университетінің басшылығы «ҚазНИПИмұнайгаз» институты өкілдерімен кездесіп, оған Сәтбаев университетінің Ректоры И. Бейсембетов, «ҚазНИПИмұнайгаз» институтының директоры М. Мұстафаев, ғылыми мәселелер жөніндегі проректор Б. Кенжалиев, ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі проректор Д. Наурызбаева, кеңесші Б. Түркпенбаева, сондай-ақ өнімдерді модельдеу және мониторинг жүргізу жөніндегі басқарма директоры К. Мейрімбек қатысты. Кездесуді университет ректоры өзінің құттықтау сөзімен ашты.

– Біздің ұйымдар арасында тығыз кәсіби байланыс бар. Геология және мұнай-газ ісі институтының кешегі түлектері бүгінгі күні еліміздің мұнай-газ саласында бетке ұстар кәсіби мамандар атанып жүр. Сонымен қатар біз «Қазатомөнеркәсіп» секілді ірі-ірі өнеркәсіп орындарымен де тығыз байланыс жасап, кадр даярлау жөнінде де, ғылым зерттеулер жасау жөнінде де бірлесіп еңбек етіп келеміз. Осы байланыстарымыз екі жаққа да тиімді болып, ұзаққа созылады деген сенім мол, – деді И. Бейсембетов өз сөзінде.

Кездесу барысында екі жақ бір-бірінің қызметімен танысып, алдағы жоспарлар туралы әңгімелесті. Қазіргі кезде Сәтбаев университетінде «Қазмұнайгаз» компаниясынан 8 магистрант пен 5 докторант білім алып жүргенін атап өтті. Алдағы уақытта олардың саны артып, олар компанияның талаптарына сай ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Әсіресе Сандық техника мен технология институтының жұмысына баса назар аударылып, жасанды интеллект пен big data саласы бойынша жасалған жоғары жетістіктерге көп көңіл бөлінді.

Ректор И. Бейсембетов аса жоғары құрмет пен ізгіліктің белгісі ретінде «ҚазНИПИмұнайгаз» институтының директоры М. Мұстафаевқа «Құрметті профессор» атағын табыс етті. Ал «ҚазНИПИмұнайгаз» институтының өкілдері өз кезегінде Сәтбаев университетінің ғылыми кітапханасына институт қабырғасында өткен ғылыми конференциялардың 4 томдық жинағын сыйға тартты. Кездесу соңында қатысушылар университетті аралап, Сандық техника мен технология институтына, Технопарк, Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтына, «Химиялық синтез және мұнай өндіру» зертханасына барды.

Сәтбаев университетінің басшылығы «ҚазНИПИмұнайгаз» институты өкілдерімен кездесті

Сәтбаев университетінің басшылығы «ҚазНИПИмұнайгаз» институты өкілдерімен кездесті

Сәтбаев университетінің басшылығы «ҚазНИПИмұнайгаз» институты өкілдерімен кездесті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту