30 шілде 2018 9518

Сәтбаев Университетінің Ректоры ҚР Энергетика министрлігінің медалімен марапатталды

Сәтбаев Университетінің Ректоры ҚР Энергетика министрлігінің медалімен марапатталды

Еліміздің мұнай тасымалдау саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін, «ҚазТрансОйл» компаниясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, компания нысандарына SmartTran бағдарламасын енгізуге атсалысқаны үшін және «ҚазТрансОйл» компаниясының 20 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев Университетінің Ректоры Ескендір Бейсембетов ҚР Энергетика министрлігінің «Магистральдық құбыр көлігінің құрметті қызметкері» атты медалімен марапатталды.

SmartTran бағдарламасы 2012 жылдан 2017 жылға дейін жүргізіліп, оның аясында магистральды мұнай құбыры бойымен мұнай тасымалдаудың инновациялық технологиясы өндірілген болатын. Бұл бағдарлама диспетчерден алынған мәліметтерді өңдей отырып, мұнай тасымалдаудың технологиялық режимін басқаруға, сөйтіп магистральды мұнай құбырының тиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай инновациялық технологияны өндіру Сәтбаев Университетін мұнай-газ секторындағы тиімді технологиялар саласының алдыңғы қатарына ығыстырып шығарды. Қазіргі таңда SmartTran бағдарламасы «ҚазТрансОйл» мұнай қоспаларын басқару жүйесіне енгізілді.

ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазТрансОйл» компаниясы атынан медальды «ҚазТрансОйл» компаниясының Техникалық кеңесі төрағасының орынбасары, техникалық саясат департаментінің директоры, т. ғ. к., профессор Б.К.Саяхов табыс етті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту