17 мамыр 2018 11000

Ұлттық ғылыми журналдарды Clarivate Analytics базасында индекстеу туралы куәліктер тапсыруға арналған жиын өтті

Ұлттық ғылыми журналдарды Clarivate Analytics базасында индекстеу туралы куәліктер тапсыруға арналған жиын өтті

2018 жылы 15 мамырда ҚР ҰҒА-да «ҚР ҰҒА xабаршысы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы»; «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» атты академиялық төрт журналды Халықаралық Clarivate Analytics мәліметтер базасында индекстеу туралы куәліктер тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті.

Аталмыш жиынға Халықаралық Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры  Олег Уткин қатысты.

Халықаралық ғылыми басылымдар базасында Орталық Азия елдері арасында алғашқы академиялық басылым болып индекстелген «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналы еді. Оны 2016 жылы Халықаралық Scopus мәліметтер базасы индекстеген болатын. Биыл бұл журнал Clarivate Analytics мәліметтер базасына енді.

ҚР ҰҒА 1946 жылдан бастап шығаратын 8 ғылыми журнал («ҚР ҰҒА баяндамалары»; «ҚР ҰҒА хабаршысы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Биология және медицина сериясы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы»; «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы»; «ҚР ҰҒА xабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы») – ХХ ғасырдың 60–70-жылдары жоғары рейтингті ғылыми журналдардың халықаралық реестріне енген болатын. Күні бүгінге дейін олар Қазақстан ғылымының абыройлы келбеті болып келеді, әрі 1960 жылдан бастап дүние жүзіндегі 37 елдің ірі-ірі кітапханаларынан орын алып келеді.

Бұл журналдарға халықаралық рейтинг беру және оларды ірі Clarivate Analytics компаниясының мәліметтер базасына енгізу – қазақстандық ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттар мен магистранттарды және студенттерді дүниежүзілік көптеген материалдармен табыстыруға, аймақтық зерттеу ақпараттары мен пайдалы сілтемелерге жол ашып, әлемдік зерттеулер саласының ағымдағы беталыстарымен толық танысуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ғылыми журналдарының деңгейін мерзімдік ғылыми басылымдардың халықаралық стандарттарына сәйкес деңгейге дейін арттыру қазақстандық ғылымның жалпы дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту