13 маусым 2018 7922

Университет басшылығы ҚДТ заңсыз митингісіне қатысудан бас тартуды ұсынады

Университет басшылығы ҚДТ заңсыз митингісіне қатысудан бас тартуды ұсынады

Үстіміздегі жылдың 10 мамыры күні полиция қызметкерлері Қазақстан қалаларында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысы митингісін өткізуіне жол бермей, алдын алды.

Наурыз айының басынан бері ҚДТ қозғалысы халықты түрлі митингтер мен акцияларға қатысуға шақыруда. Ең алғашқы митингке шақырулары еш күдіксіз, Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық сенбілік өткізуді ғана көздеген болатын. Ал одан кейінгі шақырулары күдік туғызды – қозғалыс мүшелері заңсыз митингтер мен акцияларға қатысуға ашық түрде шақырды. Кейіннен бұл іс-шараларға қатысқандарды полиция қызметкерлері ұстап, аудандық ішкі істер бөлімінде жауапқа тартқан болатын.

ҚДТ қозғалысын Қазақстанда қызмет бабын пайдаланып, қылмыстық топ құрды және мемлекеттен 7,5 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырып, оны елден шығаруға жол берді деген айып тағылған адам басқарады. Сондықтан да 2018 жылы 13 наурыз күні сот шешімі бойынша «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік топ деп танылып, Қазақстан территориясында оның қызметіне ресми түрде тыйым салынды. ҚДТ қозғалысының қандай да бір акциясына қатысқан адам ҚР ҚК-нің 405-бабы бойынша (экстремистік және террористік ағымды көздейтін қоғамдық немесе діни бірлестіктердің қызметіне сот шешімі бойынша тыйым салынғаннан кейін оны қайтадан құру және оған қатысу) жауапқа тартылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалып, ақшалай айыппұл салынады.

ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова жағдайды былай деп түсіндірді: «Мұхтар Әбілязов қазақстандық соттан қашып, ҚР Конституциясының талаптарын орындамай, шетелде өзінің заңсыз қызметтерін жалғастырып келеді. Бұл қозғалыстың жетекшісі Мұхтар Әбілязов пен оның белсенділерінің көздегені – үкіметті құлатып, билікті басып алу. Бас прокуратура өкілдерінің ақпары бойынша, осы жылдың басынан бері бұл ұйым мүшелеріне қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған».

Осыған байланысты университет басшылығы ҚДТ-ның қандай да бір акциясына немесе митингісіне қатысудан бас тартуды ұсынады. Өйткені ҚДТ қозғалысының кез келген «бейбіт» шеруі аяқ астынан өзгеріп, сіздің өміріңіз бен алдағы тағдырыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.   

Жазғы демалыстарыңызды жемісті де қызықты өткізуге тілектеспіз. Жаңа оқу жылында аман-есен жүздесейік!    

http://satbayev.university/ru/news/rukovodstvo-universiteta-rekomenduet-otkazatsya-ot-vykhoda-na-nezakonnyy-miting-dvk
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту