5 қазан 2018 19249

Ұстаздар күні құтты болсын!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Ректор Satbayev University И. Бейсембетов 

Құрметті әріптестер, ұстаздар, оқытушылар, педагогикалық қызметтің ардагерлері!

7 қазан күні, еліміз Ұстаздар күнін – кәсіби ұстаз мамандар мен білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтеді. Біз үшін бұл мереке – саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі әрбір оқытушының шынайы еңбегі мен мәртебесін атап өтетін күн болып табылады. Еліміздің өскелең жас ұрпағын біліммен сусындырып, әрқайсысы үшін үлкен өмірге даңғыл жол салып беретін ұстаздардың адал еңбегін бағалауға, пәк сезіммен айтып жеткізуге сөз жетпейтіні белгілі.

Десек те, Сіздерді Халықаралық кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы мереке қарсаңында Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен іскерліктеріңізді, кәсіби біліктіліктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңізді жоғары бағалап, атап өткім келеді. Техникалық білім беру саласы бойынша университеттің әлемдік жоғары дәрежеге көтерілуі үшін Сіздердің әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз шексіз. Жұмыла отырып біз кез келген қиыншылықты жеңе аламыз, әрі Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында еліміздің қарқынды дамуы үшін жаңа экономика қалыптастыру қажеттігі жөнінде алдымызға қойып отырған талаптарын бұлжытпай орындай аламыз. Сәтбаев Университетінде қалыптасқан тарихи ортақ дәстүрлер мен кәсіби таланттар иесінің қабілеттіліктері бізге саналы білім беру жолында жоғары жетістіктерге жетіп, халықаралық стандарттарға көтерілуге, өз тәжірибелеріміз бен біліктілігімізді студенттерге үйретуге, сөйтіп жоғары технологиялар саласында бәсекеге қабілетті, әрі Отанымыздың гүлденуіне сүбелі үлес қосатын инженер кадрларды даярлап шығаруға мүмкіндік береді.

Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Мақсаттарыңыз орындалып, биік жетістіктерге жете беріңіздер! Мереке құтты болсын!

Игі тілекпен,

Сәтбаев Университетінің Ректоры

И. Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту