17 қазан 2018 6693

Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық хакатоны

Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық хакатоны

Жыл сайын өтетін Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық жөніндегі хакатон апталығы 2018 жылғы 24 қазанда басталып, 26 қазанда аяқталады.

Тіркеу рәсімі 21 қазанға дейін жүреді. Жобалармен жұмыс жасау 23 қазанда басталады.

Хакатонға қатысу үшін өз командаңызды құрып, талқылауға бір мәселені таңдап алыңыз да, содан кейін барып тіркеліңіз.

Командалар талқылайтын барлық мәселелер жаңа, тың идеялар болуы керек, бұрын әзірленіп, талқыланған идеяны хакатонда қайтадан талқылауға болмайды.

Мәселенің шешімін ойлап тауып, хакатонның соңында оны ұсыну қажет. Дұрыс әрі тиімді шешім шығарған командалардың жобаларын іске асыру үшін MiSK Foundation және ЮНЕСКО қорынан қаржы бөлінеді. Хакатонға онлайн және оффлайн түрінде де қатысуға болады.

Жыл сайынғы Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық апталығы DesignEDly және Global Student Square бастамасымен Латвия университетімен, Витаутас Магнус университетімен және Тампере университетімен бірлесе отырып, ЮНЕСКО қоры мен MiSK халықаралық ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.

Хакатонның мақсаты – медиалық және ақпараттық сауаттылықтың қазіргі проблемаларына жастардың назарын аудару және бүкіл әлем бойынша жастарды осы проблемаларды шешуге тарту, оң өзгерістер әкелуі мүмкін идеяларды табу.

Хакатон туралы ары қарай оқу

Хакатон туралы Facebook-тегі бет

Тіркелу жол

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту