27 қыркүйек 2018 6190

Жазушы әрі тарихшы Б. Қойшыбаевпен болған кездесу

Жазушы әрі тарихшы Б. Қойшыбаевпен болған кездесу

2018 жылдың 21 қыркүйегінде А.Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жазушы, публицист, тарихшы Бейбіт Қойшыбаев пен Сәтбаев университеті студентерінің ҚазАКСР-дағы жаппай аштыққа және қазақ зиялыларының саяси қуғын-сүргінге ұшыруына арналған тақырыпта кездесуін өткізді.  

Шараның модераторы – асс. профессор Айна Марданқызы Нұржанова қазіргі кезде жастардың елдің тарихына және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы өсіп келе жатқанын атап өтті. 1930-жылдарда орын алған жаппай ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін біздің еліміз тарихындағы қайғылы беттердің бірі болып саналады.

Іс-шараның қонағы тарихшы Б. Қойшыбаев өз сөзінде «тарих туралы білім ұрпақтан-ұрпаққа берілуі ​​тиіс» екендігін атап өтті. «Қазақтың тарихы, көбінесе қайғылы кезеңдері біртіндеп ұмытылуда. Қазақ халқының үш рет бастан кешкен ауыр ашаршылық кезеңдері туралы бүгінгі күні өте сирек айтылады. Бұл мәселені зерттеуге жұмыла атсалысып, бірлік таныту керек, әрі жастар бұл қайғылы жағдайлардың шынайы шындығын түсіне отырып, өткеннен сабақ алулары қажет». Тарихшы бұл қайғылы оқиғалардың экономикалық және демографиялық зардаптары қазақ елінің ХХ ғасырда одан әрі дамуына әсер еткенін ерекше атап өтті.

Студенттер аталмыш іс-шараға белсене қатысып, аса қызығушылық танытты және өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.

Кездесу «Тарихтан – тағлым» әлеуметтік жобасының шеңберінде Алматы қаласы әкімшілігінің iшкі саясат бөлімі мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Жазушы әрі тарихшы Б. Қойшыбаевпен болған кездесу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту