программы Satbayev University

197
докторант Сәтбаев университетінде
білім алады

программы Satbayev University

192
докторант грант бойынша оқиды

программы Satbayev University

3
жыл зерттеу жұмыстары
белсенді түрде жүреді

программы Satbayev University

Біліммен шұғылданғыңыз келсе, оқытушы болғыңыз келсе, ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялы өнеркәсіп орындары үшін жаңа технологияларды ойлап шығарғыңыз келсе, PhD докторы дәрежесіне арналған диссертацияны қорғаңыз.

Мүмкін, дәл сіздің ашқан жаңалығыңыз қазіргі таңдағы өзекті ғылыми мәселелерді шешуде маңызды орын алатын болар.

Жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылар құрамы

профессорско-преподавательский состав

PhD докторантурада тек өз саласының білікті мамандары атанған докторлар мен ғылым кандидаттары сабақ береді. Бағдарламалар индустрияның басым бөлігі талаптарына сай етіп құрылған. Сондықтан да сіз қазіргі заман технологиясы мен инновациялар жөніндегі және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері жөніндегі жоғары білімдеріңізді одан сайын ұштай түсесіз.

Сіздің келешегіңізге біздің қосқан үлесіміз

Наш вклад в Ваше будущее

Сәтбаев университеті PhD докторантурасында оқудың міндетті шарты – шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен дүниежүзілік ғылыми-зерттеу орталықтарында практика мен тағылымдамадан өту болып саналады. «Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша жыл сайын есімдері бүкіл әлемге таныс, Нобель сыйлығының лауреаттары, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Испания, Португалия, Австралия, Италия, Франция, Польша мен Канададан келген атақты профессорлар PhD докторанттарға дәріс оқып, университет ғалымдарымен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

«Қос дипломды бағдарлама» аясындағы халықаралық ынтымақтастық

Томский технологический университет

«Тау-кен ісі» және «Геодезия» Томск технология университетімен ынтымақтастық қарым-қатынаста оқытылады
(Ресей)

Токайский университет

«Робототехника» Токай университетімен ынтымақтастық қарым-қатынаста оқытылады
(Жапония)

Техасский технологический университет

«Химиялық инженерия» Техас технология университетімен ынтымақтастық қарым-қатынаста оқытылады
(АҚШ)

Сәтбаев университеті – ғылыми жұмыстармен шұғылдануға және әлемдік қауымдастықтардың абыройына ие болуға ең қолайлы шарттар жасайды.

здание Satbayev University

Гранттар, шәкіртақылар мен жеңілдіктер

Мемлекеттік гранттар

Сәтбаев университетінің жыл сайынғы гранттары

микроскоп

Зерттеулер мен оқу үрдісіне Сәтбаев университеті тарапынан қолдау көрсету

Шетелдік тағылымдамалар

Тәжірибелік зерттеулер

Қос дипломды бағдарламалар

Келешектің нағыз сұранысқа ие болатын ғылыми зерттеулері:

научные исследования
1934 жылдан бастап келе жатқан ең озық әлемдік тәжірибе мен игі дәстүрлер
научные исследования
3 жылға көзделген күрделі бағдарлама
научные исследования
Халықаралық беделі бар PhD дипломы
научные исследования
Бүкіл оқу үрдісі бойына зерттеу жұмыстары белсенді түрде жүреді
научные исследования
ТМД, Европа мен Азия елдерінде жақсы танылған, ал АҚШ-та аккредитациядан өтеді

Оқудың ерекшелігі:

Преимущества обучения
Жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылар құрамы
Преимущества обучения
Өте мықты ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы
Преимущества обучения
Оқу ағылшын тілінде жүреді
Преимущества обучения
Международные программы обмена и стажировки
Преимущества обучения
Дүние жүзі бойынша шетелдік 97 жетекші жоғары оқу орнында білім алу мүмкіндігі
Преимущества обучения
«Қос дипломды бағдарламалар» бойынша жоғары бәсекелестік
Преимущества обучения
Сіздің талаптарыңызға сай, ерікті түрде оқу үрдісі
Преимущества обучения
Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында екі ғылыми кеңесші
Преимущества обучения
Ғылыми-педагогика саласында жаңа мансаптарға жету мүмкіндігі

Сіздің кәсіптік қызметіңіздегі жаңа дәрежелеріңіз

PhD докторы дәрежесі жаңа технологияларды өңдеу саласында және ірі-ірі компаниялардың R&D-бөлімдерінде қызмет істегісі келетін адамдарға қажетті білім қорын береді. Сондықтан да жаһандық экономика саласында ертеңгі күнге қажетті мамандық орнын бүгін таңдап қойыңыз!

Өз зерттеуіңіздің бағыт-бағдарын таңдаңыз

Сәтбаев университеті PhD докторантурасына оқуға қалай түсуге болады

Өтініш қабылдау

календарь
3 шілдеден 31 шілдеге дейін
Онлайн түрде тіркелу үшін эл. мекен-жай kb.kaznitu.kz
Оператор
өтінішті мақұлдағаннан кейін қажетті құжаттарды университетке әкелу керек:
Satbayev University докторантурасына қалай түсуге болады.pdf Докторантураға түсу үшін құжаттар.pdf
PhD докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар талапкерлер құжаттарын қабылдайтын пункттерге тапсырылады Магистратура мен PhD докторантураға түсушілерден құжат қабылдау орындары 2018.pdf

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
Дс – Жм 8:30-17:30
Сб 9:00-17:00

Түсу емтихандары

календарь
10 тамыздан 20 тамызға дейін
PhD докторантураға оқуға түскісі келетін талапкерлер мына пәндерден емтихан тапсырады:
- ағылшын тілі;
- мамандығы бойынша.
Ағылшын тілінен тест тапсырғаны жөнінде сертификаты бар тұлғаларға,
100 баллдық бағалау шкаласы бойынша ең жоғарғы балл қойылады.

Докторанттар қатарына тіркеу

календарь
25 тамызға дейін
PhD докторанттар қатарына тіркеу рәсімін университеттің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады
Докторантурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарынан ағылшын тілінен жоғары балл және таңдаған мамандық емтиханынан 150-ден жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Жоғары оқу орнынан кейін білім беру департаменті

местоположение

Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а,
Мұнай-газ ғимараты (НК).
Масанчи көшесі жағынан

часы работы

Жұмыс уақыты:
дс–жм,
сағ. 8.30–17.30

контакты

+7 (727) 257 70 71 phd@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.