Коммерциализациялау кеңсесі

Проекты Satbayev University

Satbayev University технологиялық кәсіпкерлікке университеттің инновациялық кластері негізінде белсенді түрде қолдау көрсетеді. Мұндай мақсаттарға қол жеткізу үшін университетте жобаларды коммерциализациялау жүйесі қалыптасқан. Оның құрамына технопарк пен Коммерциализациялау кеңсесі кіріп, жас ғалымдардың бастамаларына қолдау көрсетеді және стартап-резиденттерге сараптама жасап, мониторинг жүргізеді.

Кәсіпкерлік университет пен кәсіпкерлік ойлау моделін дамыту, ғылыми-техникалық инновацияларды жетілдіру мен өндіруді қолдау – Сәтбаев университетінің инновациялық орталыққа айналу жолындағы маңызды қадамдары болып саналады. Сәтбаев университетінің Коммерциализациялау кеңсесі университеттің технологияларын трансферттеуге ықпал етіп, студенттік кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар кеңсе жоғары оқу орнының технологияларын инновациялық өнімдерге айырбастау үшін университеттің ғалымдарына, қызметкерлері мен студенттеріне көмек көрсетеді, қаржыландырудың барлық түрлерін технологияны дамыту ісіне жұмылдырады. Кеңсе сондай-ақ ғылыми жобаларды қаржыландыруға тапсырыс беруге көмектесіп, зияткерлік меншікті қорғау бойынша кеңес береді және коммерциялық бейінділікті арттыруға септігін тигізетін тренингтер өткізеді.

Технологияларды коммерциализациялау үрдісіне мыналар жатады::

  • Жаңа технологияларды анықтау, өндіру жұмыстарын бағалау;
  • РННТД-ді патенттер және авторлық құқық көмегімен қорғау;
  • Маркетингтік зерттеулер;
  • Жаңа кәсіпорынды дамыту стратегиясын қалыптастыру;
  • Жеке меншік секторындағы компанияларға лицензия беру;
  • Өндірілген технологиялар негізінде жаңа стартап-компанияларды құру.

 

Коммерциализациялау кеңсесінің негізгі қызметтері::

  • Университеттің қызметкерлеріне, студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға ақпараттық қолдау көрсету;
  • РННТД жұмыстарын коммерциализациялау үшін Satbayev University-нің ғалымдары мен қызметкерлерінің сыртқы қаржылық грантқа тапсырыс беруіне көмектесу;
  • Зияткерлік меншік нысандарын патенттеу: ашқан жаңалығының маңыздылығын ашып көрсетуден бастап, оның қолданыс ақысын зияткерлік меншік нысанын құқықтық қорғауға берілген құжат негізінде төлегенге дейін;
  • Зияткерлік меншікті қорғау жөнінде консультациялық кеңес беру;
  • РННТД нәтижелерін нарыққа шығаруға ықпал ету;
  • Лицензиялық келісім-шарттардың қорытындысы;

Инновациялық жобаларды әрі қарай коммерциализациялауға қолдау көрсету.

Сәтбаев университетінің ең үздік стартап-жобалары

3d печать

««Алюминий қорытпаларының инновациялық өндірісі»

Жетекшісі: т.ғ.д. Смағұлов Дәулетхан Улиялович

«Алюминий қорытпаларының инновациялық өндірісі» жобасы Коммерциализациялау кеңсесінің көмегімен «Ғылым қоры» АҚ-нан гранттық қаржыландыру алды. Жобаны жүзеге асыру барысында алюминий қорытпасының формасы өзгерген, жұмыс температурасы 300–350С болатын жаңа түрі алынды. Плазмалық электролиттік қышқылдандырудың (ПЭО) инновациялық технологиясы өңделіп, іске қосылды. Наноқұрылымды қорғаушы керамикалық жапқышы бар алюминий қорытпасынан жасалған электрлі ортадан тепкіш насостардың жұмыс сатыларының үлгілері алынды. Ашық дөңгелекті шағын сатының конструкциясы жасалды. Патенттер тіркелді. Өнімділігі жылына 420 саты болатын ПЭО тәжірибелі зертханалық қондырғысы жасалды.

 

«Рұқсат етілмеген қол жетімдіктен қорғау қондырғысы»

Жетекшісі: т.ғ.к. Сейлова Нұргүл Абадуллаевна

Бизнес-серіктес: «ТочПрибор» ЖШС

Проект «Устройство защиты от несанкционированного доступа» при помощи Офиса коммерциализации получил грантовое финансирование АО «Фонда Науки».

«Рұқсат етілмеген қол жетімдіктен қорғау қондырғысы» жобасы Коммерциализациялау кеңсесінің көмегімен «Ғылым қоры» АҚ-нан гранттық қаржыландыру алды. Рұқсат етілмеген қол жетімдіктен қорғау қондырғысы (РЕҚЖҚҚ) мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда құпия мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды қорғау үшін қолданылады. РЕҚЖҚҚ-ның артықшылығы – оның ыңғайлылығы мен жан-жақтылығы, төмен шығындары, осының бәрі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қаржылар мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

«Электромобильдерге арналған зарядтық электростанция»

Жетекшісі: т.ғ.к. Утебаев Руслан Маратович

Жасаған: «PolyTech Electronics» ЖШС стартап-компаниясы

«НАТР» АҚ-нан жобаға арнап инновациялық грант алуға Коммерциализациялау кеңсесі ықпал етті, әрі жобаға толық көмектесті. Байқау нәтижесі бойынша «НАТР» АҚ-ның комиссиясы жобаға гранттық қаржы бөлуді шешті.

Жоба электрокөліктерге арналған зарядтық станциялар мен портативті зарядтық құрылғылар өндіруді және оларға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға бағытталған. Өз кезегінде бұл электромобильді көліктердің дамуына ықпал етеді.

 

«Энерготиімділікті жылу өткізбейтін вакуумды SAVENERGY панельдерін өндіру»

Жетекшісі: PhD Нұрлыбаев Руслан Ерғалиевич

Жасаған: ЖШС «SAVENERGY» стартап-компаниясы

Бизнес-серіктес: «ЕрнарСервис» ЖШС.

Дүниежүзілік банк пен ҚР БжҒМ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Коммерциализациялау кеңсесі гранттық қаржыландыру байқауына тапсырыс беруге көмектесті. Байқау нәтижесі бойынша «SAVENERGY» ЖШС-і жеңімпаз аталып, гранттық қаржыны ұтып алды. «SAVENERGY» ЖШС-і жылу өткізбейтін вакуумды панельдерді шығарумен айналысады, олар отандық шикізат негізінде жасалған және жылу өткізгіштік маңыздылығы өте төмен. Стартап-компания қолданатын жаңа технология 1 м2 қоршау конструкцияларының құнын 20 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді, ғимарат жылуын сақтаудың конструктивті шешімдерін жасайды және жылыту маусымы кезінде электр қуатын қолдануды 10 есе азайтады. SAVENERGY жылу өткізбейтін панельдері «Мордовстройтест» (Ресей) сынақ жасау орталығы мен «Жаңа құрылыс материалдары мен технологиялары орталығы» (Ресей) ЖШҚ-нда сынақтан өткен.

 

«Print3DHub»

Жетекшісі: Сулеев Тимур

Стартап-компания: «Сулеев Т» ЖК

Жобаның концепциясы: металл мен пластик бұйымдарын өндірудің баламалы технологиясына негізделген өндірісті Қазақстанда тұңғыш рет іске қосу. «Print3DHub» болашақта өз қызметін дамытып, адам ресурсын аз пайдалана отырып, жеке детальдар шығарудан өндіріс жүйесінің толық цикліне (сызу – дайын бұйым) дейін көтерілуді жоспарлап отыр. Ал оның негізі ретінде әртүрлі 3Д-принтер түріндегі аддитивті технологияларды қолдану болып табылады.

 

«PrintOnLine»

Жетекшісі: Әділбеков Аймұрат

Стартап-компания жасау дайындығы жүріп жатыр

Жобаның маңыздылығы – қажетті материалды арнайы жасалған сайт арқылы басып шығаруға онлайн-тапсырыс беру принципі бойынша жұмыс істейтін принтинг-орталық ұйымдастыру. Тапсырыс бергеннен кейін клиент өз тапсырысын белгіленген уақытта алып кетеді. «PrintOnLine» сервисі артық уақыт шығындамай, қажетті қызмет алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде сайт жасалған, оны іске қосу үшін және қажетті жабдықтарды алу үшін қаржы бөлетін демеуші де табылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.