Шартты зерттеу офисы

лаборатория Satbayev University

Негізі қаланған күннен бастап Сәтбаев университеті өндіріс орындарымен тығыз байланыста болып, өндіріске қажетті жоғары технологияларды жасап, өзекті мәселелерді шешіп келеді.

Университет өндіріспен байланыс жасау саясатын үнемі қазіргі заманға сай етіп жүргізеді. Ғалымдар белгілі бір өндіріс орнының мәселелерін алға тартып, оған анализ жүргізеді, ғалымдар қауымдастығы жиылып ол мәселені талқылайды да, оны шешудің мобильді жолын қарастырып, ең үздік деген әдіс-тәсілдерді өндіріс орнындағы ғылыми-техникалық кеңеске ұсынады.

Сәтбаев университетінің осындай өндіріс орындарымен технологиялық серіктестігін дамытудың негізгі функцияларын Шартты зерттеулер кеңсесі орындайды. Кеңсе қызметкерлері алдыңғы қатарлы ғылыми салалардағы отандық және дүниежүзілік трендтерге мониторинг жүргізіп, талдау жасайды да, университеттің қызметі мен ашқан жаңалықтарына деген сұранысты анықтайды, кәсіпорындарға өндіріс үрдістерін модернизациялау жөнінде ұсыныс жасайды және ғылыми жобаларды қаржыландыру жөнінде келісім жүргізіп, шартқа қол қояды.

Шартты зерттеулер кеңсесі ұсынатын қызметтер

  • Мемлекеттік және коммерциялық байқаулар, электронды аукциондар және жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша басқа да іс-әрекеттер жөніндегі арнайы сайттарға мониторинг жасау.
  • НИР бойынша жұмыстарды сатып алу жөніндегі хабарлама туралы СУ зерттеушілерін құлағдар ету.
  • Өндірістің өзекті мәселелерін шешуді кооперациялау мақсатында СУ ғылыми қызметкерлерінің өнеркәсіп орындары өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру.
  • Өндірістің технологиялық мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды дайындау бойынша СУ ғылыми бөлімшелері мен ғылыми ұжымдары жұмысын координациялау.
  • СУ ғылыми бөлімшелері мен ғылыми ұжымдарының өндірістік тапсырыс бойынша шаруашылық келісім-шарт негізінде жасалатын жұмыстары координациялау.
  • Университет ғалымдарының ғылыми жобаларын халықаралық байқауларға кеңінен қатыстыру мақсатында ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде қаржыландырудың көздері мен бағдарламаларын іздеп табу.
  • СУ ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бөлімшелерінің аккредитация және сертификациялау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру.  

 

Сәтбаев университетінің Шартты зерттеулер кеңсесі бүгінгі таңда шартты зерттеулік ұйым ретінде соңғы дәстүрлер бойынша жұмыс жасай отырып, өндіріске қажетті жаңа технологиялар мен арнайы мамандандырылған мәселелерді шешу жөніндегі барлық қызмет түрлерін ұсынады. Ал жүргізілетін зерттеулер негізінен IT-технология, электроника және электротехника, «жасыл энергетика», геология, пайдалы қазбалар өндіруге, металлургия, өндірістік инженерия, биотехнология, материалтану саласына бағытталған. Университетте еліміздегі ең ірі әрі ең қуатты есептеу кластері орнатылған, сондықтан да аса үлкен көлемдегі есептеулерді қажет ететін ғылыми жұмыстар мұнда өз шешімін оңай-ақ табады.   

Университеттің ғылыми потенциалы мен көп жылғы тәжірибесі жаңа технологияларды өндіру барысында өндірістің ең күрделі мәселелерін тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді. Ғылыми жобаны уақытында және келісілген қаржы аясында бітіру мақсатында сіздердің сұраныстарыңызға лайықты тиімді шешімдер ұсынамыз.

Осындай екі жақты жұмыстардың арқасында Сәтбаев университетінің еліміздің өнеркәсіп орындарымен жасасқан шаруашылық келісім-шарттары жыл сайын өсіп келеді. Атап айтқанда, университет ғалымдары «Қазцинк», «Қазхром», «Қазатомөнеркәсібі», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Тоспа Су», «Парасат», «Павлодар мұнай-химия зауыты» секілді мемлекеттік және жеке меншіктік белгілі кәсіпорындарда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ал университеттің ең үздік деген ғылыми жобалары тәуелсіз Қазақстан технологиясының алтын қорына енген.

Үздік жобалар

  1. Уранды инновациялық биотехнологиялық әдістер арқылы жерасты  шаймалау. 
  2. Металсыздандырылған және күкіртсіздендірілген кокстың тәжірибелі үлгілерін алу мақсатында «ПМХЗ» ЖШС-нде УЗК шикізатын металсыздандыру және күкіртсіздендіру әдістерін өңдеу.
  3. Кен орындарындағы жаппай жарылыстың нәтижесі мен параметрлерді автоматтандыра отырып жобалау негізінде орындалатын бұрғылау-жару жұмыстарының технологиясы.  
  4. Тіп-тіке құламалы кен орындарында өңдеу жүргізу кезінде тау-кен жұмыстарының режимі мен экскаваторлы-автомобильді кешендердің өнімділігін оңтайландыру резервтері.

 

Сәтбаев университетімен қызмет етудің артықшылықтары

  • Күрделі өнеркәсіптік жобалардың аутсорсингі 

Біз білім беру бағдарламаларын іске асырып, сіздің өндіріске қажетті жоғары білікті мамандарды даярлаймыз.

Сіз өз бизнесіңізді жүргізе бересіз – ал біз сіздің өндірістік мәселелеріңізді шешуді қамтамасыз етеміз.

  • Білім беру бағдарламалары

Біз білім беру бағдарламаларын іске асырып, сіздің өндіріске қажетті жоғары білікті мамандарды даярлаймыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.