Сәулет

Жобалардың шешімін модельдеу, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, қала құрылысы мен ландшафты сәулет саласына, тарихи ғимараттарды қайтадан қалпына келтіру, интерьер сәулеті жөніндегі жобаларды ұйымдастыру жұмыстарына қажетті мамандарды даярлайды.

Студенттер сәулет графикасын, академиялық сурет жасауды, көркем суреттің макетін жасауды, үш өлшемді компьютерлік модельдеу әдістерін, архитектуралық және ландшафттық жобалар жасауды, қала құрылысын жобалауды үйренеді. Сөйтіп олар жоғарыда аталған кез келген модельді жасаған кезде қажет болатын өндірістік-техникалық шешім қабылдау туралы білім алып шығады, әрі топтасып, ұжымдасып жұмыс жасауды үйреніп шығады.

Түлектер құрылыс кешендерінің, ғимараттар құрылысы, қала құрылысы мен ландшафттық нысандардың жобалау-сметалық құжаттарын дайындап, оларды толтыруды біліп шығады, сондай-ақ дизайнерлік жобалау саласында ақпараттық технологияларды қолдану жолдарын үйренеді. Архитектуралық технологияның қазіргі заманғы тенденциялары туралы, отандық және шетелдік тәжірибелер жөнінде білім алады. Архитектуралық жобалау саласында қазіргі заманға сай кәсіби білімдар болу жас мамандарға қоршаған орта мен архитектуралық ортаны өзгертуде батылырақ болуға, сөйтіп жобалау жұмыстарына қатысып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Біздің түлектер келешекте сұранысқа ие болып, еңбегіне жоғары ақы төленетін сәулетшілер, қала құрылысшылары атанып, жеке бюролармен қатар, ірі-ірі таңдаулы құрылыс компанияларында да жоғары лауазымды қызметтер атқара алады. Сонымен қатар жеке меншік архитектуралық фирманы ашуға да білімі жеткілікті болады. 

Ал «Сәулет» мамандығының магистерлік бағдарламасы НААР ұлттық рейтингі бойынша 2-орын алады.