Автоматтандыру және басқару

Автоматтандыру жүйесін жобалау, монтаждау, жөндеу және қолдану, сондай-ақ техникалық объектілер мен технологиялық үрдістерді басқару саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер бағдарламалау тілдерін; есептеу техникасы мен микропроцессорлық техниканы; математикалық модельдеу мен оңтайландырып басқаруды, сонымен қатар автоматтандыру мен басқару жүйелерінің қазіргі заманғы әдістері және оларды өндіру жолдарын жоғары деңгейде біліп шығады.

Білім алушылар тәжірибелік сабақтар мен кәсіби дайындықтар аясында практикадан өтіп, дипломдық жұмыс жобаларын қазақстандық кәсіпорындарда даярлайды. Ақпараттандыру және автоматтандырудың техникалық құралдарын оқып-үйрену жөніндегі оқу-тәжірибелік зертханалар осы саладағы әлемдік жетекші фирмалардың аспаптарымен және техникалық қондырғыларымен жабдықталған. Атап айтқанда: «Siemens», «Festa», «Fisher-Rosemount» және «Honeywell». «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы американдық «Ханиуэл» аэрокосмостық компаниясымен, Schneider Electric, Флоренция университетімен (Италия), Словакия технологиялық университетімен, Нью-Йорк мемлекеттік университетімен (Бингхамтон, АҚШ) және т. б. компаниялармен өте тығыз байланыс жасайды.

Түлектер мына көрсетілген салаларда жұмыс жасай алады: құрылыс, машина жасау, химия, мұнай-газ, металлургия өнеркәсібі, кен байыту, тау-кен өндірістерінде. Сондай-ақ біздің түлектер электроэнергетика, электр станциялары мен подстанцияларда және электроэнергиямен байланысы бар басқа да салаларда жұмыс жасай алады.   
Шифр
5B070200
Профильный предмет
Физика - Математика
Шифр
6M070200
Стоимость
850 000 теңге / 1 оқу жылына
Стоимость для
юр. лиц
Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com
Шифр
6D070200
Шифр
5В070200