Биотехнология

Бұл мамандық бойынша биотехнология ғылымы саласына, атап айтқанда, биологиялық және инженерлік әдістердің түрлері, өнеркәсіптің әртүрлі саласында биоконструкторлы, биоөндірістік, биоэнергетикалық және биореконструкциялық технологияларды енгізудің жолдары мен әдістерін жасауға қажетті мамандар даярланады.

Түлектер молекулярлы және жасушалы биотехнология әдістерін, микро- және макроорганизмдердің биотехнологиясын, өнеркәсіптік және инженерлік биотехнология әдістерін үйреніп шығады. Сөйтіп, өндірістік құрал-жабдықтарды өз беттерінше жобалап және жасап, оларды қолданысқа енгізуді, сондай-ақ биотехнология саласындағы үрдістерді біліп шығады. Ал магистратура бағдарламасы бойынша алған білімдері жаңа биотехнологияларға ғылыми зерттеулер жүргізуге жол ашады.

Біздің түлектер биотехнология, биологиялық және инженерлік бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында, осы сала бойынша өнеркәсіп орындары мен зертханаларда, энергетика, кен байыту, мұнай-газ, тау-кен-металлургия саласында, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінде, машина жасау саласында, тағы да басқа көптеген салаларда еңбек ете алады.