Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы

Минералды қышқылдардың маңызды түрлерін, ядролық-химиялық технологиялар өнімдерін өндіретін автоматтандырылған өндіріс орындарындағы алдыңғы қатарлы технологиялар саласына, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер заттар мен материалдарды физикалық, физика-химиялық және химиялық үрдістер арқылы алу жолдары мен әдістерін үйреніп шығады. Біздің түлектер өнеркәсіп орындарында, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдарда және осы салаға қатысты т. б. мекемелерде жұмыс істей алады. Жас мамандардың ең басты міндеті – үнемі жаңа химиялық қосылыстарды жасау, одан синтездеу жолымен алынған заттарды қолданысқа енгізу. Әсіресе жекелей өңдеу материалдарын – полимерлерді, мұнай өнімдерін өндіретін өндіріс орындарында химия мамандарына деген сұраныс өте көп.

Ағылшын тілін тереңдете оқу мәселелері қарастырылған.

Магистратура бағдарламасы таңдаған мамандығы бойынша тереңдете білім алуға мүмкіндік береді, оны бітірген түлектер ғылыми жобаларды басқаруға мүмкіндік алады. Мұндай мамандық иелерінің көпшілігі химиялық өнеркәсіп орындарында жетекші инженерлік қызмет атқарады. 
Шифр
5В072000
Профильный предмет
Химия - Физика
Шифр
6M072000
Шифр
5В072000