Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласына қажетті мамандарды даярлайды. Ағылшын тілін тереңдете оқу мәселелері қарастырылған.

СУ осы мамандық бойынша бітіріп шыққан түлектердің кәсіби қызметі – химиялық шикізаттан, мұнай мен газ өнімдерінен және басқа да органикалық заттардан мономер өндіріп, олардан полимер және полимерлік заттар, жанар-жағармай, арнайы май өнімдерін, химиялық жуғыш заттарды, органикалық синтез заттарын алу жолдарын жобалау, оны өңдеу, қолданысқа енгізу және оның үрдістерін жетілдіру.

Түлектер органикалық заттар өндірісінің технологиялық үрдістерін жоспарлау мен ұйымдастыруды, технологиялық жабдықтарды қолдануды, органикалық қосылыстар мен оның синтезі саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді және олардан алынған нәтижелерді сараптамадан өткізуді үйреніп шығады.

Жекелей өңдеу материалдары мен полимерлік заттар өндірісінде, мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу орындарында біздің түлектерге деген сұраныс өте жоғары. Сондай-ақ олар экономиканың химия және мұнай-газ саласына қарасты өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық бюроларында қызмет ете алады. Түлектердің міндеті – үнемі жаңа химиялық қосылыстарды жасау, одан синтездеу жолымен алынған заттарды қолданысқа енгізу.

Магистратура бағдарламасы таңдаған мамандығы бойынша тереңдете білім алуға мүмкіндік беріп, оны бітірген түлектер өз бетінше ғылыми жобалар жасап, оны басқаруға мүмкіндік алады. Мұндай мамандық иелерінің көпшілігі химиялық өнеркәсіп орындарында жетекші инженерлік қызмет атқарады.