Құрылыс

Өнеркәсіптік және азаматтық қолданыстағы нысандардың құрылысы, оларды жобалау және қолдану саласына қажетті мамандарды даярлайды.  

Түлектер темірбетоннан, металдан, тастан, ағаштан және әртүрлі пластмассадан жасалған құрылыс конструкцияларының жұмысы, бір және бірнеше қабатты өндірістік әрі тұрғын үй ғимараттарының құрылысын есептеу әдістерін, монолитті биік үйлер тұрғызу технологиясын, металл конструкцияларынан тұратын құрылыстарды монтаждауды, инженерлік құрылғыларын, құрылыс-монтаждау жұмысын жасауды үйреніп шығады.

Сонымен қатар жобалау-конструкторлық жұмыстарды командалық әдіспен жасауға және құрылыс материалдарын өндіру технологиясына қажетті тәжірибе жинақтап, олардың химиялық құрамы мен қасиетін сараптауды, жобалау мен монтаждау жұмыстарын үйреніп  шығады. Түлектер құрылыс пен жөндеу жұмыстарын техникалық шешімдерін қауіпсіздік және экологиялық талаптарға сай етіп, кәсіби түрде есептеп шығару мен қажетті құжаттарын рәсімдеуді біліп шығады.

Біздің түлектер өнеркәсіптік және азаматтық нысандар құрылысы мен оларды жобалау жұмыстарын орындап, мемлекеттік және жеке меншік құрылыс компанияларында, конструкторлық бюролар мен институттарда құрылыс шебері немесе прораб қызметін  атқара алады. Сондай-ақ олар ғимараттарды инженерлік жобалау, олардың бұрыштарын келтіру жұмыстарымен де айналысып, құрылыс нысандарына бақылау жүргізе алады және құрылыстың әртүрлі бөлімдерін басқара алады.

Магистратура бағдарламасы қалаған мамандығы бойынша тереңірек білім беріп, жобалаушыларды, жоба бойынша жұмыс істейтін инженер-технологтар тобын басқаруға мүмкіндік береді.