Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету

Қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді өндіретін мамандар даярланады. Бұл мамандық бойынша білім алған түлектер жаңа процессорлық технология және бағдарламамен қамтамасыз ету жүйелерін өндіру саласында қызмет етеді. Сөйтіп, бағдарламамен қамтамасыз ету, әртүрлі масштабтар мен бағыттағы желілік технологиялар және ақпараттық жүйелерді басқару жөніндегі қазіргі заманғы әдістерді, сондай-ақ операциялық және ақпараттық жүйелерді жобалау мен қолдану, компьютерлік жүйелер мен желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, оларды жасау, қорғау, жөндеу мен модульдік біріктіру тестінен өткізу жөніндегі қазіргі заманңы әдістерді меңгеріп шығады.

Ал түлектер бағдарламамен қамтамасыз ету жөніндегі сәулетшілер мен өндірушілер, жетекші мамандар, бағдарламамен қамтамасыз ету және оны өндіру жөніндегі өндірістік кәсіпорындардың ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, ІТ-технопарктерінде, жетекші ІТ-компанияларында, сондай-ақ мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда сапа менеджері болып қызмет ете алады.