Дизайн

Архитектура мен дизайн өнерінің түйісу ортасында қызмет ететін дизайнер мамандарды даярлайды.

Архитектуралық ортаның дизайнерлері қалаларды, ғимараттар мен оның интерьерлерін безендірумен, алаңдарды көркейту және оған қажетті жабдықтар мен детальдарды өңдеумен айналысады. 

Түлектер архитектуралық-дизайнерлік жобалардың негіздерін, өндіріс технологиясы мен материалдар қасиетін, ғимараттардың инженерлік жабдықтарын, архитектура мен дизайн жөніндегі компьютерлік бағдарламаларды біліп шығады.

Сонымен қатар олар қалалық ортаға сараптама жасауды, жаңадан қалалық ландшафттар, оның экспозициясын, интерьері мен жарнамасын жасауды үйреніп, өнеркәсіптік және тұрмыстық бағытын анықтайды.

Мамандық иелерінің мақсаты – үйлесімді заттық-кеңістіктік орта қалыптастыру және әртүрлі көркемдік нысандарын қажетті жағдайға келтіру. 

Дизайн мамандары әсіресе қазіргі кезде өте жоғары сұранымға ие. Олар жобалау ұйымдарында қызмет ете отырып, тәуелсіз Қазақстанды жаңаша көріктендіруге ат салысады.