Экология

Инженерия мен экология саласына қажетті мамандарды даярлайды. Түлектер қазіргі заманғы экологияның құрамын, құрылымын, даму заңдылықтары мен ауаны ластандыратын негізгі нысанның  қасиетін – экожүйесін, мегаэкожүйесін – биосферасын үйреніп шығады. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешудің негізгі технологиялық, экономикалық, нормативтік және құқықтық принциптерін біліп шығады. Олар шаруашылық қызметтің қоршаған ортаның барлық компоненттеріне әсерін бағалай біліп, табиғатты қорғау мәселелерінің экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалауды үйреніп шығады. 

Бүгінгі таңда Экологиялық заңдылықтың талаптарын орындау табиғатты қолданушы кез келген адамның негізгі міндеті болып табылады, сондықтан да экология мамандығы өте жоғары сұранымға ие болып отыр. Эколог мамандар ҚР-ның барлық өндірістік кәсіпорындарында инженер-эколог қызметін атқарып, индустрияның кез келген саласында еңбек ете алады: пайдалы қазбалар кен орындарында, органикалық және минералдық шикізатты қайта өңдеу орындарында және тауар өндірісінде қызмет ете алады. Сонымен қатар түлектер қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдарда, экологиялық жобалау компанияларында, өндірістік зертханаларда, салалық министрліктер мен жоғары оқу орындарында қызмет етеді.