Экономика

Экономикада математикалық анализ жасау, экономиканы жобалаудың басшылық мәселелерін шешу саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер қазіргі заманғы экономикалық теория, математика, ақпаратты өңдеу технологиясы, статистика, эконометрика және қолданбалы пәндер бойынша терең білім алып шығады. Олар қазіргі заманғы математикалық аппараттарды меңгеріп, оларды әртүрлі экономикалық шешімдерге қолдана алатын болады, экономикалық үрдістердің компьютерлік моделін жасауға мүмкіндік беретін математикалық әдістердің жиынтығын біліп шығады.

Сонымен қатар түлектер экономикалық үрдістерге талдау жасап, тұтастай ұлттық экономика мен кез келген кәсіпорындардағы жағдайды жобалауды үйренеді, кәсіпорынды экономикалық және техникалық түрде бағалау жұмыстарын жүргізуді және компанияның экономикалық тұрғыда даму мәселелерімен айналысатын болады.     

Бағдарлама жетекші ресейлік және шетелдік компанияларға, мемлекеттік басқару органдарына қажетті сараптамашылар мен жоғары білікті кәсіби мамандандырылған басшыларды даярлауға бағытталған. Біздің түлектер  экономиканың нақты секторындағы ірі-ірі компаниялардың зерттеу бөлімдерінде, сақтандыру компанияларында, консалтингте, инвестбанкте және отандық банк секторында қызмет ете алады.

Бұл мамандық Сәтбаев университетінің «Математикалық экономика» мен New School of Economics бірлескен бағдарламасына енеді. Бағдарламада ағылшын тілін тереңдете оқыту қарастырылған.