Инженерлік жүйелер және желілер

Құрылыс орындары мен ғимараттарда инженерлік қызмет көрсету, арналау, сумен қамту, желдету, жылумен, газбен жабдықтау жүйелеріндегі нысандарды игеру мен қайта құрылымдау, монтаждау, жобалау саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлайды.

Түлектер құрылыс орындары мен ғимараттарда инженерлік жүйелерді жобалауды, оларды есептеп, қажетті қосымша бөлшектерді құрастыруды, инженерлік жобаларды рәсімдеп, оған қажетті технологиялық құрал-жабдықтар мен машиналарды іске қосуды үйренеді.

Оқу бітіріп шыққан түлектер күрделі инженерлік желілері бар жетекші кәсіпорындар мен құрылыс орындарында, табиғатты қорғау жөніндегі кәсіпорындар мен жылу-энергетикалық нысандарында инженерлік-техникалық қызметтерді атқарады.