Қаржылар

Экономикада математикалық анализ жасау, қазіргі заманғы қаржы айналымы мен оны  жобалау, басшылық ету саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер менеджмент, қаржылық құралдар мен қаржыны басқару негіздерін үйреніп, экономиканың нақты бір саласы мен қаржы нарығында қаржыны басқару әдістерін біліп шығады. Олар қазіргі заманғы математикалық аппараттарды меңгеріп, оларды әртүрлі экономикалық және қаржылық мәселелерді шешуге қолдана алатын болады, әрі қаржылық үрдістердің компьютерлік моделін жасауға мүмкіндік беретін математикалық әдістердің жиынтығын біліп шығады.

Сонымен қатар түлектер кез келген компания мен корпорацияның қаржылық жағдайына сараптама жүргізіп, оған қаржылық модель мен сараптама жасай алады, инвестициялық құралдармен жұмыс жасауды үйреніп, компанияның ішкі қаржылық есебін жасайтын болады, сондай-ақ қолда бар ресурстарды жоспарлап, оның нәтижесін шығара алады және инвестициялық жобаларды жасай алатын болады.

Оқу бағдарламасы жетекші ресейлік және шетелдік компанияларға, зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарына, мемлекеттік басқару органдарына қажетті сараптамашылар мен жоғары білікті кәсіби мамандандырылған басшыларды даярлауға бағытталған. Біздің түлектер экономиканың нақты секторындағы ірі-ірі компаниялардың зерттеу бөлімдерінде, сақтандыру компанияларында, консалтингте, инвестбанкте және отандық банк секторында қызмет ете алады.

Бұл мамандық Сәтбаев университетінің «Математикалық экономика» мен New School of Economics бірлескен бағдарламасына енеді. Бағдарламада ағылшын тілін тереңдете оқыту қарастырылған.