Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау

Тау-кен орындары, геологиялық кәсіпорындар үшін пайдалы қазбаларды іздеу және барлау жүргізуші, сондай-ақ геологиялық түсірілім жүргізуші мамандарды даярлайды.

Түлектер пайдалы қазбалар кенорындарының заттық құрамы, құрылымдық ерекшеліктері, пайда болу жағдайлары және олардың заңдылықтары туралы білім алып шығады. Алған білімдерін пайдалы қазбалар кенорындарын жобалау, іздеу және алдын ала барлау жүргізу кезінде пайдаланады, сондай-ақ кенорнына геологиялық-экономикалық баға береді.

Сонымен қатар геологиялық түсірілім мен пайдалы қазбаларды іздеу және барлау жүргізу жұмыстарын, оларды зерттеу әдістерін, мұнай мен газ геологиясын және пайдалы қазбаларға барлау жүргізудің қазіргі заманғы технологияларын меңгеріп шығады.

Оқудың ерекшеліктері: 

  • Мамандық Германияның ASSIIN бағдарламасы бойынша аккредиттелген, Европада сұранысқа ие;
  • «Геоэнергетика» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасымен қос дипломды білім алып шығу мүмкіндігі бар, ол Лоррэна университетімен бірлесе отырып жасалған.

Түлектер минералды-шикізат кешендері бар кәсіпорындарда, құрылыс алаңдарында, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, мұнай концерні мен мұнай-газ өндіруші компанияларда инженер-геолог болып қызмет атқара алады. Сонымен қатар олар табылған геологиялық қазбаларды тегістеуші, жуушы және сараптамашы ретінде де сұранысқа ие. Олар жер астынан да, теңіздің терең түбінен де қазып алынған геологиялық қазбалардың қаншалықты пайдалы екенін, олардың құндылығы мен өңдеу жолдарын зерттейді.

Магистратура бағдарламасы студентке таңдалған мамандығы бойынша теориялық терең білім бере отырып, өндіріс орындарында тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын орындап, практикадан өтуге де мүмкіндік береді.