Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мен іздестірудің геофизикалық әдістері

Тау-кен және мұнай-газ геофизикасы саласына кен орындарын барлау практикалық мәселелерін шешуге, кенді аймақтар мәліметтерін өңдеуге және жер қыртысына іргелі зерттеулер жүргізуге қажетті мамандарды даярлайды.

Оқу бағдарламасы мұнай-газ және кенді геофизиканың модульдік бағдарламасы бойынша мультиаспектілік, яғни көріністер арқылы дайындалуды қамтиды. Сабақты жоғары дәрежелі ғылыми атақтары бар оқытушылар мен профессорлар, сондай-ақ сейсмология саласына, қатты денелі пайдалы қазбалар мен көмірсутекті заттар кен орындарына іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізген тәжірибелі лекторлар өткізеді. Олар сонымен қатар геофизикалық аймақтар мен сейсмологиялық барлаудың мәліметтерін модельдеу, өңдеу және талдау, қатты денелі пайдалы қазбалар мен көмірсутекті заттар қорын жобалау мен ресурстық бағалау, геологиялық-барлау жұмыстарына авторлық құқықты бақылау, тексеру және мониторинг жүргізу, жер қойнауын зерттеу жөнінде геодинамикалық кешенді бағдарламалар жасау саласында да мол тәжірибе жинақтаған мамандар.

Оқу бағдарламасы бойынша тамаша инфрақұрылым қалыптасқан:  

  • «ММП-203», «ММ-61-1», «PMG-2» атты магнитометрлермен жабдықталған «Магниттік барлау» зертханасы;
  • Тау жыныстарының магниттік қасиеттері электрлік қақтығыстарын өлшеуге арналған «Петрофизика» зертханасы;
  • «Радиометрия», «Электробарлау», «Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу», «Сейсмикалық барлау» және «Гравитациялық барлау» зертханалары.

Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету кластары: 

  • Studio 3 (тау-кен-геологиялық, құрылымды-блокты модельдеу және қатты денелі пайдалы қазбалар қорын есептеу);
  • SSMT 2000 (электромагниттік барлау мәліметтерін өңдеу);  
  • Oazis Montaj  (гравитациялық және магниттік аймақтар мәліметтерін модельдеу мен өңдеу); 
  • Geolog-Gold және Echos-NexCen (ұңғымаларға жүргізілген сейсмикалық барлау мен геофизикалық зерттеулер мәліметтерін өңдеу және талдау).  

Түлектер тау-кен-геологиялық мәліметтерді модельдеу және қатты денелі пайдалы қазбалар қорын есептеу, электромагниттік барлау мәліметтерін өңдеу, гравитациялық және магниттік аймақтар мәліметтерін модельдеу мен өңдеу, ұңғымаларға жүргізілген сейсмикалық барлау мен геофизикалық зерттеулер мәліметтерін өңдеу және талдау жұмыстарын бағдарламамен қамтамасыз етуді біліп шығады.

Сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияны толық меңгеріп, ғылыми зерттеу жүргізу жолдарын және теориялық қолданбалы геофизика жөніндегі практикалық мәселелерді шешуді үйренеді. 

Басқаларға қарағанда бұл бағдарлама сабақ кестесінің ыңғайлығымен, жеке-жеке амал-тәсіл жасау мүмкіндігімен, тау-кен және мұнай-газ институттары мен компанияларында ғылыми-зерттеулік тәжірибеден өту мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар университет диссертациялық жұмыс бойынша әртүрлі кеңес алу үшін қосымша уақыт та береді.