Жылу энергетикасы

Жылу желілері, жылу беру жүйелері мен энергетикалық комплекстердің құрал-жабдықтарын жобалау, жасау және оларды қолдану саласында қызмет ететін мамандарды даярлайды. 

Мамандарды даярлау мына бағыттарда жүргізіледі: техникалық гидромеханика, су-химиялық режимдер, жылу-техникалық құрылғылар мен үрдістер, ошақтық үрдістер мен құрылғылар, энергия үнемдеу және экология, ЖЭЖ құрал-жабдықтарының жұмысы мен оларды қолдану.

Түлектер мына бағыттар бойынша білім алады: техникалық гидромеханика, су-химиялық режимдердің, жылу-техникалық құрылғылар мен үрдістердің, ошақтық үрдістер мен құрылғылардың қасиеттері мен жұмыс істеу режимдері, энергия үнемдеу және экология, ЖЭЖ құрал-жабдықтарының жұмысы мен оларды қолдану. Мұнда кәсіби цикл ретінде жылу энергетикасы мен механика пәндеріне аса көп көңіл бөлінеді. Ал бұл бағыттың негізгі кәсіби пәндері – жылу энергетикасында энергия үнемдеу, жылу айналымын сақтау, дәстүрлі және қайтадан өалпына келтірілетін энергия көздерін сақтау.

Түлектер электр станцияларында, энергия бөлетін және оны қадағалап отыратын кәсіпорындарда, осы бағыттағы басқа да компанияларда қызмет етеді; технологиялық құрал-жабдықтарды орнату және олардың технологиялық жағдайын қадағалаумен, энергия мен жылудың барлық түрлерінің жұмсалуын қадағалаумен айналысады; технологиялық үрдістерді игеру мен оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарға қатыса алады; өндіріс орындарындағы экологиялық қауіпсіздікке жауап береді.

Шифр
5В071700
Профильный предмет
Физика - Математика
Шифр
5В071700